Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Блогерлер JustKing пен жұбайы Амина төртінші сәбиін күтіп жүр

Justking
Фото: Видеодан скриншот

Көпшілікке JustKing лақап атымен белгілі блогер Нұрбек Нұртазы жұбайы Амина екеуі төртінші сәбиін күтіп жүргенін мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Сүйінші жаңалықты ерлі-зайыпты әлеуметтік желідегі видео арқылы бөліскен. Олар “Мен сені... үшін құрметтеймін” деген трендті түсіріп отырған кезде Амина күйеуіне тосын хабар айтқан.

“Сенің қандай әке екеніңе тәнтімін. Балаларымыз үшін ең жақсы әкесің. Жақында төртінші рет әке болатыныңа да қуаныштымын”, – дейді Амина видеода.

Мұндай жаңалықты күтпеген Нұрбек алғашында сөзге сенбей, жұбайынан “Шын айтып тұрсың ба?” деп бірнеше рет сұраған.

Кейін жұп бұл жаңалықты ресми түрде бөлісіп, отбасыларына тағы бір сәби қосылатынын жеткізді.

“Бізді тағы бір кішкентай бақытымыз күтіп тұр. Жақында алтау боламыз”, – деп жазды олар.

Желі қолданушылары ерлі-зайыптыны қуанышты жаңалығымен құттықтап, жылы лебіздерін білдіріп жатыр.

“Уау, құттықтаймын!”, “Міне, махаббат деген осы. Балалар – махаббаттарыңыздың жалғасы”, “Құттықтаймыз!” – деп жазды оқырмандары.

Айта кетейік, Нұрбек пен Амина бүгінде үш бала тәрбиелеп отыр. Дүниеге келетін сәби олардың төртінші перзенті болмақ.

Балнұр Рахматуллақызы
Дүйсенбі, 28 Қыркүйек, 2026 17:54