АҚШ-қа тікелей рейстер: Сарапшылар Қазақстандағы әуе тасымалының қауіпсіз екенін мойындады
АҚШ Федералдық авиация әкімшілігінің (FAA) сарапшылары Қазақстандағы ұшу қауіпсіздігін халықаралық бағалауды (IASA) аяқтады. Бағалау 21–25 қыркүйек аралығында өтіп, еліміздің авиациялық билігінің халықаралық талаптарға сай екені тексерілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Сарапшылар авиация саласындағы заңнаманы, нормативтік құжаттарды және Қазақстанның ұшу қауіпсіздігін мемлекеттік деңгейде қадағалау мүмкіндігін қарастырды.
24 қыркүйекте Федералдық авиация әкімшілігі өкілдері Астанада Air Astana әуе компаниясына барып, бағалау жүргізді. Қазір компания АҚШ Көлік министрлігінен сол елге тұрақты рейстер орындауға қажет экономикалық рұқсат алуға өтініш беріп отыр.
25 қыркүйекте бағалаудың алдын ала қорытындысы таныстырылды. Федералдық авиация әкімшілігі сарапшылары Қазақстанның авиациялық билігі соңғы уақытта ауқымды жұмыс атқарғанын айтты. Оған қоса бірқатар бағыт бойынша оң нәтижелерге тоқталды.
Енді Федералдық авиация әкімшілігі Қазақстанның авиациялық билігіне ресми қорытынды жібереді. Одан кейін анықталған мәселелер болса, оларды түзету бойынша консультациялар өтеді.
Осы рәсімдер аяқталғанн соң Федералдық авиация әкімшілігі Қазақстанға Category 1 мәртебесін беру мәселесі бойынша шешім қабылдайды.
Category 1 мәртебесі қазақстандық әуе компанияларының АҚШ-пен тікелей әуе қатынасын ашуына қажет талаптарды орындауға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, бұған дейін АҚШ Қазақстаннан тікелей рейстер ашу үшін тексеру жұмыстарын бастағаны туралы жазған едік.
"Алты қыздың ішіндегі жалғыз бала": Жамбыл облысында 14 жастағы оқушы мұғаліммен даудан кейін өлі табылды
