Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркияға жұмыс істеуге кеткен қазақстандық қыз жақындарымен байланысқа шықпай қалған

Қазақстандық Әсем Мәселбаева өткен жылдың тамыз айында Анкараға жұмыс істеуге кеткен. 30 жастағы келіншек 3 айдан бері жақындарына хабарласпаған, деп хабарлайды Otyrar.kz сайтына сілтеме жасап Stan.kz ақпарат агенттігі.

Әсем Мәселбаеваның мамандығы – аудармашы, филолог. Алғаш рет Анкараға жұмыс бабымен 8 жыл бұрын барған.

Анасының айтуынша, ол үнемі хабарласып тұратын, алайда наурыз айында ол қоңырауларға жауап беруді тоқтатқан. Анасы Бақытгүл Мәселбаева бірнеше айдан бері өзін қоярға жер таппай жүр.

"Жақсы кетті, біз онымен аудио арқылы сөйлестік, наурызда немесе сәуірде ол байланысқа шықты, сөйлегені біртүрлі болды, артынан барайын деп едім қаражатым да жоқ. Неше түрлі нәрсе ойыма келеді”, – дейді Бақытгүл Мәселбаева.

Қыздың анасының айтуынша, ол елшілікке жүгінген, полиция мен прокуратураға бірнеше рет арыз жазған. Бірақ қызының қайда екені туралы еш хабар алмаған.



"Сана сезім" қоғамдық бірлестігі заңгерінің айтуынша, өзге елде жүрген шетелдіктер қашанда тәуекелге ұшырайды. Олар алаяқтардың желісіне оңай түсіп, кейде жыныстық немесе еңбек құлдығына түсіп, төлқұжатын жоғалтып алуы немесе туыстарымен байланысу мүмкіндігінсіз ауруханаға да түсіп қалуы мүмкін. Сондықтан мамандар шетелге заңды жолмен барып, заңды түрде жұмыс табуға кеңес береді.

"Егер байланыс жоғалса, көршілеріңіздің немесе жұмыс орныңыздың контактілерін қалдыруға болады. Бұл айтарлықтай мәселені жылдамдатады, өйткені біз байланыстарды, соңғы жұмыс орнын біліп, елшілікке жүгінсек, олар өз өкілдіктері арқылы жергілікті полиция бөліміне немесе құқық қорғау органдарына барып, іздеу жұмыстарын жүргізеді ", – дейді "Сана сезім" қоғамдық бірлестігінің заңгері Бекзат Тулаев.

Cөзінше, тіпті модельдік агенттіктегі жұмыс құлдыққа айналуы мүмкін.

Белгілі болғандай, "Сана сезім" мамандары Бахрейнде секс құлдығына түскен қыздарға көмектесті. Ол кезде 40-қа жуық қазақ әйелдері заңсыз әрекеттерге тартылған.

Еске салайық, өткен жылы 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адамның оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар,  қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.

Талқылау