AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
AAPL
133.98 $
1.27 %
TSLA
623.71 $
0.46 %
NDAQ
178.7 $
-0.04 %
GOOGL
2446.61 $
0.43 %
FB
339.03 $
2.03 %
FRHC
61.35 $
-0.54 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Зорлап, содан соң сатып жіберген: Грузиядағы қазақстандық қыздың әпкесі сіңілісінің өлімі жайлы айтты

26 жастағы қазақстандық Әсел Айтбаеваның Грузияда қайтыс болғаны жайлы мәлімет қоғамда резонанс тудырып үлгерді. Оның немере ағасы болған оқиғаның таңқаларлық мәліметтерін айтып берді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Экспресс К басылымына берген сұхбатында қыз Әсел Грузияға кеткенге дейін онымен бірге Нұр-Сұлтан қаласында тұрғанын айтады. Қызға алыс туыстары Грузияға баруды ұсынды.

Қазақстанда Әсел фитнес-клубта әкімші болып жұмыс істеді. Грузияда оған ТМД елдеріне шетелдік автокөліктерді алып-сатумен айналысатын компанияда жұмыс істеу ұсынылды.

"Әсел құжаттармен жұмыс істеуі керек болды, сызаттарды және басқа да ақауларды бақылап отыруы, оларды компьютерге енгізуі қажет еді. Оған 10.00-ден 17.00-ге дейін жұмыс және 500 доллар жалақы уәде етілді. Сіңілім шетелге кетуді армандады, сондықтан қуана-қуана келісті" - дейді туысы Айна Айтбаева.

Айтуынша, Әсел әңгімелесуді видеоқоңырау арқылы өткен, содан соң оған жинала беру қажет екені айтылған. Алайда қазақстандық паспорттың қолданылу мерзімі тамыз айында аяқталып, оның Грузияға сапары кейінге қалуы мүмкін еді. Бұл туралы білгеннен кейін, жұмыс беруші —  немере әпкесінің күйеуі оған тездетуді сұрады, тіпті паспортын шұғыл өзгертуге, ПТР-тестілеуден өтіп, билеттер сатып алу үшін ақша жіберген.


Орал тұрғыны 13 жастағы өгей қызын зорлады: Жәбірленушің анасы оқиғаның жай-жапсарын айтты 


Айна мұндай асығыстық оны оны алаңдатқанын айтады.

"Ол бір-екі күнде жиналып, 27 сәуірде ұшып кетті. Рустави қаласында оны жұмысқа қабылдаған туысының үйінде қалған. Одан басқа, пәтерде оның Қазақстаннан келген бизнес серіктесі тұрған, сондай-ақ, Бесо есімді грузин тұрды. Бірнеше күннен кейін Әсел Маған қоңырау шалып, Тбилисиде жалға алған пәтерін көрсетті. Менің таңғалғаным, бұл пәтер Руставидегі жұмысынан өте алыс еді. Ол оған жүргізушісі бар көлік берілетінін айтты", - дейді ол. 

Әсел анда-санда достарымен және туыстарымен байланысқа шығып, шетелдегі ортасы туралы айтып жүрген. Алайда 5 мамырға қараған түні қыз өзінің ең жақын құрбысына Telegram арқылы Бесомен болған әңгімесінің дыбыстық жазбасын жіберді. 


"Ұлыммен бұрыннан сөйлесіп жүрді": Атыраулық әйелдің басынан балтамен ұрып, артынша өзіне қол салған азаматтың анасы үндеу жасады 


Олардың әңгімесінен туысының күйеуі оны зорлап, содан кейін грузинге сатқаны айтылады. 

Сондай-ақ, қазақстандық қыз құрбысына Бесодан қорқатынын және оны ұрғанын жазды. Келесі күні таңертең қыздың қайтыс болғаны белгілі болды. Алдын ала болжам бойынша, ол терезеден құлап кеткен.

"Оны құлатып жіберді ме немесе ол өзі сол жерден секіріп кетті ме, белгісіз. Белгілі болғандай, оған қауіп төндірген адамды Грузия полициясы өз-өзіне қол жұмсауға дейін жеткізгені деген күдікпен ұстады", - дейді Айна.

Айтпаевтар отбасы Грузияға барып, қызының денесін әкелу үшін ақша жинауды жариялады. Қайғырған туыстары сот-медициналық сараптама жүргізілгенге дейін барып үлгеруге үміттенеді. Туыстары оларға мырыш табытындағы денені беріп, қыздың COVID-19-дан қайтыс болды деп айтады деп қорқады.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр