"Ұлыммен бұрыннан сөйлесіп жүрді": Атыраулық әйелдің басынан балтамен ұрып, артынша өзіне қол салған азаматтың анасы үндеу жасады

Әлеуметтік желілерде үш баласы бар атыраулық келіншектің басынан балғамен ұрып жарақаттап, кейін өзі сол пәтердің дәретханасында асылып өлгендігі туралы ақпарат желіде тарап, көпшіліктің жағасын ұстатқан еді. Жәбірленушінің әпкесі бұқаралық ақпарат құралдары арқылы полицияны және сіңлісін осы хәлге түсірген жігітін кінәлап арызданған. Желіде желдей ескен жаңалықтардың көбінің шындыққа жанаспайтынын айтып күдіктінің анасы Мария Ғайненова бейнеүндеу жолдады, деп хабарайлы Stan.kz ақпарат агенттігі. 

"Баламды ақтамаймын, кінәлі. Бірақ, ағайын туысымыз бар жалған тараған ақпарат жанымызға батып отыр. Қазір қарсы тұра алмай отырмыз. Алиса деген әпкесі мені қорқытып хабарласқан, "балаңызды жоқ қыламы деген сөздер айтты. Мен айтқандарын қозғаған жоқпын, ашу үстінде айтқан болар деп ойладым. Бұл жерде полиция қызметкерлерінің кінәсі жоқ. Полицияға арызын береді, кері алады. Неге олай жасадың дегенімізде: "Әпкем зорлады деп жазып, қайтадан арыз бер айтып жатыр" деді. Баламның ішетіні рас, бірақ жалған ақпарат көкірегімізге батады. Былтыр ағайындарымызбен желтоқсаннан бері араласып жүрді, үлкен үйімізге де келді. Таңертең келеді, кешке кетеді. Кішкентай қыз баласын бір айдай мен бағып бергенмін. Майраны да қазір аяймын, 3 баласы бар. Енді кімнен көремін?! Осындай жағдай ғой",  - деп күрсінді Мария Ғайненова.

Айта кетейік, 20 сәуірінде Атырау облыстық ауруханасына 33 жастағы әйел ауыр дене жарақаттарымен келіп түскен. Аталған факті бойынша, ҚР Қылмыстық кодексінің үш бабы бойынша, яғни зорлау, ауыр дене жарақатын салу және өзгенің мүлкіне қол сұғу баптарымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр