Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Балаларының көзінше зорлаған: Атыраулық ер азамат жесір әйелдің басынан балтамен ұрып, артынша асылып өлген

Атырауда ер азамат жесір әйелді балаларының көзінше балтамен басынан бірнеше рет ұрып, артынша өзіне қол салған. Полицияға оқиға жайлы марқұм келіншектің қыздары айтып берген, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КТК арнасына сілтеме жасап. 

ұрған

Анасын балтамен ұрып жатқанын көзімен көрген балалар қазір психологтардың бақылауына алыныпты. Абырой болғанда, жәбір көрген 34 жастағы әйел аман қалыпты.

"Кеше сағат 10:45-те қабылдау бөлімшесіне басынан жарақат алған 1987 жылғы әйел түсті. Ашық ми жарақатын алған. Бас сүйегі сынған. Мидың ауыр дәрежесі диагнозы қойылды. Қазір емделіп жатыр. Ота қажет етілмейді. Тұрақты түрде емдеделеді", - деді  нейрохирургия бөлімінің меңгерушісі Еркін Ербөлеков.

Мұнымен қойған, өзіне қол салған күдікті келіншекті үйде қыздарының көзінше бір ай бойы зорлап келген көрінеді. Атыраулық әйел бұған дейін өзіне сырттай ғашық бір азаматтың тыным бермей жүргенін айтып, тіпті, бірнеше рет полицияға арыз жазған. Десек те учаскелік полиция жалғызбасты әйелдің шағымына құлақ аспаған сыңайлы. Тергеушілер келіншекті ешқандай арыз-шағымым жоқ деген қолхат жазуға мәжбүрлеп, күдіктіні қорғаштаған. Қазіргі таңда дер кезінде шара қолданбаған полицейлер тергеуге алынды.  

"Аталған дерекке қатысты ҚК 106-бабы, денсаулыққа қасақана зиян келтіру бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде. Сонымен қатар полиция қызметкерлеріне қатысты да сотқа дейінгі тергеп-тексеру, ҚК 371-бабы, жұмысына салғырттық бойынша іс жүргізілуде", - деді Атырау облысы ПД баспасөз хатшысы Гүлназира Мұхтарова.

Еске салайық, бұған дейін Қарағанды облысында күйеуі өлтіріп, мәйітін тығып тастаған әйелдің денесі табылғаны айтылған еді. Ер азамат жарын өлтірген соң, өзіне қол жұмсаған. 

Талқылау