AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Сүйектері сынған, күйіктің ізі бар": Грузияда көз жұмған қазақстандық арудың адам шошырлық суреттері жарияланды

Грузияда қаза тапқан қазақстандық Әсел Айтпаеваның ата-анасы қызының көз жұмғаннан кейінгі суреттерін көрсетті. Ата-анасы адам саудасымен айналысып, қыз зорлады деген күдікке ілінген туысы Мұрат Мейірбековтің де қыздарының өліміне қатысы бар-жоғын тексеруді талап етіп отыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі КазТАГ басылымына сілтеме жасап. 

"Менің ойымша, қызымның өліміне Мұрат Мейірбековтің де қатысы бар", - деді Нұр-Сұлтанда өткен баспасөз мәслихатында марқұм қыздың анасы Айсұлу Айтпаева.

Әйел қызының көз жұмғаннан кейінге суреттерін көрсетті. Оның айтуынша, бұл суреттер суицид нұсқасын да жоққа шығарады.

"Негізі менің балам осылай өлді. Оның барлық сүйектері сынған.  Ал денесінен күйіктер байқауға болады. Өз-өзіне қол жұмсады деді. Бірақ денесінде өлімнен 3-5 күн бұрын жасалған әрекеттердің ізі бар. Менің ойымша, Мейірбеков жасайтынын жасап, Қазақстанға ұшып кеткен", - деді Айтпаева.

Әселдің анасының айтуынша, қыздың күштеп өлтірілгенін сараптама да растап отыр. Қыздың әкесі оның қатты соққыдан қайтыс болуы мүмкін деп санайды.



"Сіз суреттерді көрдіңіз бе? Соққының, күйіктің іздері бар. Менің ойымша, ол ауыр соққыдан қайтыс болды. Егер ол балконнан құлап кетсе, оның өзі секіргеніне дәлел болар еді. Істі қосымша тергеуге жіберуді талап етеміз", - деді Алтай Айтпаев.

Еске салайық, 2021 жылдың 5 мамырында Тбилисидегі үйлердің бірінің терезе астынан Қазақстан азаматы Әсел Айтбаеваның мәйіті табылған болатын. Грузия полициясы өзіне қол жұмсауға итермеледі деген күдікпен қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталды - Грузия азаматы Бесик Тордуа болып шықты - оған зорлады деген айып тағылды. Бұл ретте қыздардың туыстары өз-өзіне қол жұмсау нұсқасына сенбейтінін айтты. Содан кейін грузин телеарналары айыпталушының қазақстандық қызбен сөйлесіп, ұрып-соғып, балағаттап, өз-өзіне қол жұмсауға мәжбүрлегені жазылған жазбаны жариялады. Тордуа сот үкімі шыққанға дейін қамауда болды, бірақ кейін Грузиядағы емханада қайтыс болды.

2021 жылдың 16 мамырында Нұр-Сұлтан қаласында Айтбаеваның өліміне қатысты іс бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 128-бабы (адам саудасы) бойынша айыпталған М.Мейірбеков ұсталғаны белгілі болды. 17 мамырда ол қамауға алынды.

Еске салайық, өткен жылы 6 мамырда қазақстандық бойжеткен Грузияда түсініксіз жағдайда көз жұмғаны айтылған еді. Тергеу мәліметтеріне сәйкес, ол тоғызыншы қабаттан құлап кеткен. Кейіннен Грузия бас прокуратурасы Әселдің зорланғаны туралы мәлім етті.  Өлер алдында ол досына аудио хабарлама жіберіп үлгерген, онда ер адам оған зорлық-зомбылық көрсетемін деп қорқытқанын естуге болады. Сонымен қатар,  қыздың өлімін егжей-тегжейлі тергеу үшін Қазақстан ІІМ Грузияға өзінің тергеу-жедел тобын жібереді.

Әсел Грузияға өзінің алыс туысы – немере әпкесінің күйеуі Мұрат Мейірбековтың шақыруымен жұмыс істеуге барған. Ол қыздың өліміне қатысы болды деген күдікпен ұсталды. Сондай-ақ іс бойынша күдіктілердің қатарында Грузия азаматы да бар.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр