AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
AAPL
142.92 $
0.96 %
TSLA
695.2 $
-0.57 %
NDAQ
156.79 $
-0.44 %
GOOGL
2291.44 $
1.16 %
FRHC
46.29 $
2.91 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Ағзалары шетелде қалып қойған": Бір жыл бұрын Грузияда қаза тапқан Әсел Айтпаеваның ата-анасы қыздарын дұрыстап жерлей алмай отыр

Грузия жерінде қайтыс болған Әсел Айтпаеваның анасы Нұр-Сұлтанда баспасөз мәслихатын өткізді. Ол қызының кісі қолынан қаза тапқаны туралы бұлтартпас айғақтары бар екенін айтты. Марқұм қыздың ата-анасы 5 мамырда іс материалдарымен таныса алған. Бұл жөнінде Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды

Әсел Айтпаева

Айтпаеваның анасының айтуынша, ол қызының терезеден секіріп кеткеніне сенбейді.

"Кеше мен сараптаманы сұраттым, қолымда қызымның өзі секіріп кетпегенін дәлелдейтін қағаздар бар, оны өлтіріп содан кейін денесін лақтырып жібергенін де дәлелдей аламын. Кеше бас прокуратураға келіп, осы сараптаманы жасату үшін арыз жаздым. Баламның ішкі ағзалары Грузияда қалып қойғандықтан дұрыс жерлей алмай отырмыз", – деді әйел.

Ата-анасы сараптама қорытындысымен танысқан соң ғана қыздарын ішкі ағзаларынсыз жерлегенін білген. Ендігі олардың басты мақсаты – қыздарын жер қойнына лайықты тапсырсақ дейді.

"Қызымның қалған ағзаларын қайтару үшін арнайы сұрау жіберсе дейміз. Біз адам оны құсап жерлесек дейміз, қызымның ағзасыз жатқанын қаламаймыз. Ашық сот болғанын қалаймыз, Грузия тарапы да қатыссын, өйткені Мейірбековке қатысты барлық құжаттар, бәрі ол жақта әлі жабылмаған. Соған қарамастан біздің тергеушілердің ісімізді қалай жауып, сотқа жөнелткілері келетінін түсінбеймін", – деді Айсұлу Айтпаева.



Грузияда ажал құшқан қыздың ата-анасы оның кісі қолынан қаза тапқанына сенімді және қалған ағзаларын қайтаруды талап етеді. Сонымен қоса олар бұл іспен полиция департаменті емес, ҚР ішкі істер министрлігі айналысқанын қалайды.

"Істің созылып келе жатқанына бір жыл болды, осы жылдың ішінде тергеушіміз бен бұрынғы адвокатымыз бізді алдаумен келді. Осы уақытқа дейін олар қызымыздың ішкі ағзалары Грузияда екенін, оны алдыру үшін осы сараптаманы жасау қажет екені туралы тіс жармады", –  деп қосты қыздың әкесі Алтай Айтпаев.

Тергеу мәліметтерінше, күдікті 2021 жылдың 5 мамырында қызды зорлап, өлтіремін деп қорқытқан.

Полиция күдіктіні 6 мамыр күні ұстаған. Қылмыстық кодекстің "Жәбірленушінің денсаулығына ауыр зиян келтіру немесе басқа да ауыр зардаптарға әкеп соқтырған зорлау" және "Жәбірленушіні қорқыту немесе қатыгездік көрсету, оның ар-намысын, қадір-қасиетін жүйелі түрде қорлау арқылы өзін-өзі өлтіруге итермелеу немесе оқталу" баптары бойынша іс қозғалған.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр