Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркиядағы клиникада 10 жастағы қазақтың баласы көз жұмды: Елнұрдың денесін елге алып келу үшін ата-анасы көмек сұрайды

Түрік клиникасында ем алып, көз жұмған Елнұр Төлегенов есімді 10 жастағы баланың ата-анасы ұлының денесін елге алып келе алмай жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Түркияға ем іздеп барған Елнұрдың ата-анасы баласынан айырылып қалды. Қазір емдеу шараларының жартысына ғана ақша төленген. Жарты қаражатты қайтармайынша клиника 10 жастағы баланың денесін әке-шешесіне бермейді. Сол себепті "Әлемжан жолы" қоры бірлесе отырып күллі қазақстандықтардан көмек сұрайды. 

"Кішкентай жерлесіміз ұзақ аурудан кейін көз жұмды.  Елнур Төлегенов 25.08.2010 жылы Шығыс Қазақстан облысы, Шульбинск ауылында туған. «Мемориал» түрік клиникасында емделген. Диагноз - неуролеукоз. Шетелде реанимацияда жатқан әр күн үшін 1 миллион теңге көлемінде қаражат төледі. 8 күн реанимацияда болды, 4 миллион теңге төледі. Қалған 4 миллион 312 мың теңге төленбеді. Мен барлығыңыздан баланың денесін қазақстанға алып келуге көмектесулеріңізді сұраймын", - деп жазды "Әлемжан жолы" қоғамдық қоры. 


Елнұрдың анасы қайырымды жандардың бар екеніне сенемін, ең болмағанда ұлымның денесін елге қайтаруға көмектеріңізді берсеңіздер деп көз жасын көл қылып отыр.

"Сәлем достар! Енді Елнұрдың атынан барлығыңызға көрсеткен көмегіңіз бен қолдағаныңыз үшін, бізбен бірге болғаныңыз үшін, менің баламды емдеуге тырысқандарыңыз үшін шын жүректен алғысымды білдіргім келеді. Енді маған сөз табу қиын, жоғалту азабы әлі де жанымызға батып тұр. Біз Елнұрдан айырылғаннан кейін емхана есепшот ұсынды, содан кейін ол төмендей бастады және 70 000 лираға айналды. Олар біз қарызымызды төлегенше баланың денесін бермеді. Игі істеріңіз сізге жүз есе оралсын", - деп жазды Елнұр Төлегеновтың анасы.

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Repost @help_elnur by @media.repost: Здравствуйте наши друзья! Сейчас я от лица Ельнура хочу выразить всем огромную благодарность за вашу помощь и поддержку,за то что вы были с нами,за то что вместе с нами пытались вылечить моего сына. Сейчас мне трудно подобрать слова, боль утраты еще слишком свежа. После того как мы потеряли Ельнурчика,клиникой был выставлен счет( изначально который был 208 000 лир),затем он начал снижаться и стал 70 000 лир. Нам не отдавали тело,до уплаты долга. Нами был оплачен долг частично( 16 000 лир),сына нам отдали,остальную часть долга выплатил фонд @alemzhan.zholy за что я хочу выразить им огромную благодарность. Так же хочу поблагодарить маму @happy_ibragim которая откликнулась нам помочь. Пусть ваши благие дела вернуться вам в стократном размере 🙏 #алемжанжолы #детиинвалиды #благотворительность

Публикация от Фонд открыт в память о сыне (@alemzhan.zholy)

 

Талқылау