Түркияда тағы жер сілкініп бірнеше ғимарат қирап қалды (видео)
Түркияның шығысында 5,2 балдық жер сілкінісі болды. Салдарынан бірнеше ғимарат құлады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Еуропа-Жерорта теңізі сейсмологиялық орталығының мәліметінше жер сілкінісі жергілікті уақыт бойынша 09:00 шамасында тіркелген. Эпицентрі 5 шақырым тереңдікте орналасқан.
Жер сілкінісі Малатья ауданығ Кахраманмараш, Газиантеп, Адыяман мен Шанлыурфа провинцияларында сезілген. Салдарынан бұған дейін зақымдалған бірнеше ғимарат қирап қалды.
"Әзірге құрбандар жоқ, бірақ бірнеше ғимараттың құлағаны туралы ақпарат бар. Мен де сол аудандамын. Жер сілкінісі қатты сезілді. Бұл эпицентрге жақын болғандықтан. Адамдарға қатты зақымдалған ғимараттарға кірмеу керегін ескерттік", – деді Ешилюрт қаласының әкімі Мехмет Чинар.
Қазір іздеу-құтқару тобы аймаққа аттанып, жұмысқа кіріскен.
Моңғолиядағы қазақ-моңғол дауы неден шықты: Тіл мәселесі неге көтерілді
"Қазақтар болашақта Баян-Өлгейді Қазақстанға қосып жібермек" деген сияқты негізсіз қауесетке ұласып кетті
"Байлықтың жарысы": Қазақстандықтар құдалыққа миллиондап ақша жұмсап, киіт кигізуге қарсы шықты
Айгүл Ғалымжанова: "Шығындарды есептегенде шамамен 15-16 миллион теңге шықты"