Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды
Түркияда ірі жол апатына түскен тағы бір қазақстандық көз жұмды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Анталья қаласындағы ірі жол-көлік оқиғасынан белгілі журналист, "Зейін Атырау" ерекше балаларды оңалту орталығының негізін қалаған Арайлым Бағытжан екі жасар қызымен бірге қайтыс болған еді. Бүгін оның ауруханада ес-түссіз ауыр жағдайда жатқан жұбайы да өмірмен қоштасты.
Айта кетейік, бұған дейін біз жантүршігерлік жол апатынан үш адам көз жұмып, 17 адам жарақат алғанын хабарлаған болатынбыз. Оның алтауы Түркия, жетеуі Израиль, екеуі Ресей, екеуі – Қазақстан азаматтары. Қайғылы жайтқа орай Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев қайғырып көңіл білдірген болатын.
"Сот шешіміне дейін пәтерде тегін тұра ала ма": Үй иелері мен жалға алушылар Қазақстандағы жаңа өзгеріске байланысты нені білуі керек
Қожайындар енді екі айлық пәтер ақысын депозит ретінде бірден сұрайды
Қазақстандық оқушы ауа арқылы су тапшылығын жоюдың жолын қалай ойлап тапты: Оның өнертабысына шетел қызығуда
Ол жақында Венадағы БҰҰ штаб-пәтерінде Cleantech Days Forum 2026 форумында әлемнің үздік үш жас өнертапқышының қатарына енді