Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркия Қазақстанмен әуе қатынасын тоқтатты

Түрік авиациялық билігі Air Astana өкіліне Қазақстаннан рейстерді орындауға тыйым салынғанын телефон арқылы хабарлады. Дәл осы кезде әуе компаниясының ұшағы ұшу-қону жолағына бұрылғанын Air Astana баспасөз қызметі мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

эйр астанаБесінші тамызда жергілікті уақыт бойынша сағат 17:55-те әуе компаниясының Алматы-Ыстамбұл-Алматы бағыты бойынша тұрақты халықаралық рейсі ұшуы жоспарланған болатын. Бірақ әуе кемесінің есіктері жабылып, бұғатталғаннан кейін ұшу-қону жолағына бағыттау кезінде Түркиядағы Air Astana өкілі Қазақстаннан рейстерді орындауға тыйым салу туралы түрік авиациялық билігінен телефон арқылы хабарлама алды. 

"Бір сағаттан кейін Түркия мен Иран, Ауғанстан және Қазақстан арасындағы рейстерге тыйым салу және Түркия СІМ-мен келісе отырып, тек репатриациялық рейстерді орындау мүмкіндігі" туралы ресми хат алынды", - делінген авиакомпанияның баспасөз қызметінің хабарламасында.

Air Astana сағат 19: 55-ке жоспарланған рейсті діттеген оырнға жеткізуге бір реттік рұқсат алды. Ал әуе кемесінің бортында екі сағат күткен 101 жолаушы Түркияға ұшты.

Сондай-ақ, Air Astana бұл тыйым туралы алдын-ала ескертілмегенін, бұл жолаушылар үшін айтарлықтай қолайсыздықты тудырғанын атап өтті.

Айта кетейік бұған дейін танымал ресейлік әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын рейстерін тоқтатқаны жайлы жазған едік.

Талқылау