Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Танымал ресейлік әуе компаниясы Қазақстанға ұшатын рейстерін тоқтатты

Коронавирус пандемияға байланысты бір айға рейстер тоқтатылды.  Жолаушылар сатып алынған билеттер үшін ақшаны қайтара алады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

ресей

Ресейдің ірі авиатасымалдаушы "Аэрофлот" компаниясы тамыз айында коронавирус пандемиясына байланысты жабық елдерге, соның ішінде Қазақстанға да бірқатар рейстердің тоқтайтыны туралы хабарлады.

31 тамызға дейін Нұр-сұлтан, Алматы, Ақтау, Ақтөбе, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда және Шымкент сияқты қазақстандық қалаларға рейстер үшпайды.

Аталған бағыттар бойынша билеттерді 2020 жылдың бірінші мамырынан 31 тамызға дейін сатып алған жолаушылар ақшасын қайтара алады.

"Аэрофлот" халықаралық бағыттар бойынша тұрақты рейстердің бір бөлігін 31 тамызға дейін амалсыз тоқтату туралы хабарлайды. Халықаралық рейстер бағдарламасын түзету туралы шешім тағайындалған елдердегі қолданыстағы эпидемиологиялық шектеулерді ескере отырып қабылданды", — деп хабарлады авиакомпанияның баспасөз қызметі.

Қазақстандық қалалардан басқа, Аэрофлот тамыздың соңына дейін әртүрлі елдердің тағы 80 қаласына рейстерді тоқтатты.

Талқылау