Түркия Израиль премьер-министрінің үстінен халықаралық сотқа шағым түсірді
Түркия Израильдің басшысы Биньямин Нетаньяхуды Газа секторында геноцид жасады деп айыптады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі РИА Новости сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Түркияның билеуші партиясының адвокаттары халықаралық қылмыстық сотқа шағым түсірді.
"Бүгін Түркия азаматтарының атынан Гаагадағы халықаралық қылмыстық сотқа 21 ғасырдың Гитлері – Израиль премьер-министрі Нетаньяхуға қарсы арыз бердік. Ол геноцид жасағаны үшін сотталуы тиіс. Олар Газа секторы және адамзатқа қарсы қылмыстары жауап беруі керек", – деді адвокат.
Беньямин Нетаньяху Газа секторындағы ұрыс кезінде бейбіт тұрғындардың өліміне қатысты пікір білдірді. Олардың айтуынша, бұл – “кепілдіктегі залал". Израильдік әскерилердің негізгі нысанасы – "террористер".
Айта кетейік, Израиль мен Палестина арасындағы қақтығыс 7 қазанда таңертең басталды. Израильдегі тұрақсыз жағдайға байланысты Air Astana әуе компаниясы Тель-Авивке барлық рейсті уақытша тоқтатты. Еліміздің Тель-Авивтегі елшілігі Израильдегі жағдайға байланысты Қазақстан азаматтарына мәлімдеме жасады. Түрік оппозициясы мен Иран парламенті Израиль мен Палестинаның арасындағы әскери қақтығыста Палестинаны қолдады.