Түркістандық 40 жастағы келіншек 11-перзентін босанды
Түркістан облысындағы 40 жастағы көп балалы ана 11-сәбиін дүниеге әкелді. Бұл туралы Stan.kz тілшісі хабарлайды.

Осымен 13 құрсақ көтерген Айнагүл Омарбекқызы перинаталды орталықта табиғи жолмен, отасыз босанған. Осылай деген дәрігерлер қазір ана мен баланың жағдайы жақсы екенін жеткізді.
- Түркістан облысында 54 жастағы әйел ұл босанды
- Алматы – Атырау бағытындағы пойызда жолсеріктер толғағы қысқан әйелді босандырып алды
Сарыағаш ауданының тұрғыны Айнагүлді қазір үйінде бес ұлы мен бес қызы күтіп отыр. Тұңғышы 21 жаста.

Ал жолдасы – Нұрлы ауданының бас имамы. 11 балалы отбасы кенжесін Мұстафа деп атады.
Алматы мен Шымкентте тұрғын үй бағасы төмендеп кетті: Бұған не себеп
Алматы мен Шымкентте қайталама нарықтағы пәтерлердің бағасы жыл басынан бері 1,8% төмендеп, Астанада 3,8% өскен
Күйеуі қуып шыққан астаналық әйел үш баласымен аялдамада түнеген: Тұрмыста зорлық көрген адам неліктен ешкімге жүгінбейді
Заңгер мен психолог мұндайда не істеуге болатынын түсіндірді