Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістандағы "Керуен Сарай" мен Rixos Aktau қонақүйіне қанша бюджет қаржысы жұмсалғаны белгілі болды

Мемлекетке 100% тиесілі "Қазақстандық инвестициялық даму қоры" түркиялық жеке инвестормен бірге түрлі нысандарға миллиардтаған қаржы құйғаны анықталды. Сондай-ақ құрылысты аяқтау үшін қосымша несие де алған деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Protenge Telegram-арнасына сілтеме жасап.

риксос

Мемлекеттік қор құрылысқа қанша ақша жұмсалғанын жаряи етпеген. Дегенмен басылым мәліметінше инвестиция көлемін ашық дереккөздер арқылы анықтаған. 

Қыруар қаржы құйылған нысандардың бірі – Ақтау қаласындағы теңіз жағасына орналасқан Rixos Aktau қонақүйі. Мұнда "Қазақстандық инвестициялық даму қоры" 12,94 миллиард теңге құйыпты. Ал танымал түркиялық инвестор Феттах Таминдже 13,47 миллиард теңге бөліпті. Бұдан бөлек Қазақстан даму банкінен 42 миллиард теңге несие алынған. Бес жұлдызды қонақүйге жұмсалған қаржының жалпы сомасы – 68,41 миллиард теңге. 

Ақтаудағы екінші нысан – TetysBlu аквопаркіне мемлекеттік қор 15,19 миллиард теңге, ал Феттах Таминдже 15,81 миллиард теңге бөліпті. Қазақстан даму банкінен тағы 16,69 миллиард теңге несие алып, аквопаркке жұмсалған қаржы 47 миллиард теңгеге жеткен. 

Ал ел арасында "қазанстандық Венеция" аталып "Керуен Сарайдың" құрылысына "Қазақстандық инвестициялық даму қоры" 22,3 миллиард теңге бөліпті. Феттах Таминдже 24,7 миллиард теңге құйған. Мұнда да Қазақстан даму банкінен 40 миллирд теңге көлемінде несие алыныпты. Осылайша нысанға жұмсалған қаржы 87 миллиард теңгеден асып кеткен. 

"Еске салайық, қордың ақшасы жеке немесе қандай да бір төрағасының қаржысы емес. Сондықтан қор мемлекеттің ақшасымен кімге және қалай қолдау білдіргенін жария ететін уақыт келді", – деп жазады басылым. 

Талқылау