Түркістанда 11 жасар қыз із-түссіз жоғалып кетті
Түркістан полициясы 11 жасар қыз баланы іздестіріп жатыр, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Рolisia.kz порталына сілтеме жасап.

"Інжу 2012 жылы туған. Бойы 130-135 см, шашы ұзын, қою қоңыр түсті.
Үстінде жейде, қара джинс шалбар, аяғында қара түсті спорттық аяқ киім болған.
Іздеу жарияланған жасөспірім туралы қандай да бір ақпарат болса, Түркістан қалалық полиция басқармасының кезекші бөліміне 8-725-33-97-40-94, 8-747-497-42-24, 8-701-480-78-88 нөмірлері бойынша немесе 102 арнасына хабарласуды сұраймыз", - делінген полиция мәліметінде.
Ауылда тұратын математика мұғалімі 3 сағатта шетелдік видеоны қазақша сөйлететін қосымша жасап шықты
Дәуіт Сұраған негізі математика пәнінің мұғалімі
Жаңа вирус па: Қазақстандықтар бұрын-соңды болмаған ауру белгілеріне шағымданды
Маман: "Ауру белгілеріне қарап нақты қандай вирус жұққанын анықтау мүмкін емес"