Түркістан тауларында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуі табылды
Түркістан облысының құтқарушылары Сайрам-Өгем ұлттық табиғи паркінің тауларында жоғалып кеткен жеті адамның үшеуін тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Олар шатқалдың бір беткейіндегі таулы өзеннің жағасынана тікұшаққа белгі берген.
"Бүгін Сайрам-Өгем шатқалында "Қазавиаспас" тікұшағымен жоғалғандарды іздестіру кезінде жеті адамның үшеуі табылды. Жағдай қанағаттанарлық. Қалған туристерді іздеу жалғасуда", - деді төтенше жағдайлар министрлігінің өкілі Талғат Уәли.
ҚР ТЖМ апаттар медицинасы орталығының психологтары хабар-ошарсыз кеткендердің туыстарымен жұмыс жасауда. Экспедицияның қалған мүшелерін іздеу жалғасуда.
Жеті адамнан тұратын топтың Түркістан өлкесінің тауларында жоғалуы
туралы хабарлама 25 мамыр кешке келіп түсті. Қоңырау шалушы 21 мамырда топтың Сары-Айғыр шатқалына жаяу барғанын және 24 мамырда қайтып келуі керек болғанын, бірақ содан бері олар байланысқа шықпағанын айтты.
Іздеудің алғашқы күні құтқарушылар 37 шақырымдық таулы жерді шолып шыққан. Екі дрон төрт километр радиустағы аумақты шолып шықты, бірақ нәтиже болмады.
Іздеу жұмыстарына Түркістан облысының 25 құтқарушысы, екі квадрокоптер және жеті бірлік төтенше жағдай техникасы жұмылдырылған.