Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Түркістан облысында 7 турист жоғалып кетті

Түркістан облысында 7 турист жоғалып кетті. Оларды іздеуге тікұшақ жұмылдырылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Бұл жайында Түркістан облыстық төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары, подполковник Ерік Сарыбаев мәлім етті.

"Түркістан облысының Төле би ауданыдағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде іздеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 21 мамыр күні сағат 08-00 шамасында құрамында 7 адам бар бір топ тауға туристік жорыққа шыққан. Олардың 5 асуға бармақ болғаны туралы ақпарат бар. Үш күннен бері жүргізіліп жатқан іздеу жұмыстары нәтиже бермей отыр", - деді ол.

Оның сөзінше, іздестіру жұмысына төтенше жағдайлар департаментінің мамандары, жергілікті атқарушы органдардың, ұлттық парктің және шекара қызметінің қызметкерлері, жалпы 50 адам жұмылдырылған.

"Алдыңғы күндері дайындалған Eurocopter тікұшағы ауа райына байланысты әуеге көтеріле алмады. Өйткені туристер жоғалып кеткен таулы жерлерде қатты қар мен жаңбыр жауды. Қазіргі уақытта тікұшақ әуеге көтеріліп, іздеу жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тікұшақ санын арттыру мәселесі қаралып жатыр", - деді Сарыбаев.

Талқылау