Түркістан қаласында ақтөбеліктер "Кіші жүз" деп ұрандатқан (видео)
Түркістан қаласында "Ақтөбе" футбол командасы жанкүйерлерінің "Кіші жүз" деп ұрандатқан видеосы әлеуметтік желіде қызу талқылануда, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұл жанкүйерлер жуырда көне қалада жоспарланған "Тұран" және "Ақтөбе" футбол командаларының жарысында жерлестерін қолдау үшін келген. Алайда, ойын ауа-райының қолайсыздығына байланысты кейінге қалдырылған болатын.
Түркістан облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер Ақтөбелік жігіттермен учаскелік инспекторлардың әңгімелесу жүргізіп, түсіндірме жасағанына сендірді.
Жанкүйерлер тарапынан ешқандай құқық бұзушылық болмаған. Оларға қатысты полицияға шақырту мен арыз-шағым түспегені анықталды.
"Әскерден келген соң үйленеміз деп еді": Каспийде қаза тапқан сарбаздардың жақындары жанайқайын жеткізді
Жанардың айтуынша, отбасы Олжасты қуанышпен күтіп отырған
"Алдымен үйленейік, кейін Сирияға барайық": Бейтаныс адамдар әлеуметтік желі арқылы қазақстандықтарды қалай арбайды
Әлеуметтік желіде ер адамға Сирияға барып соғысуды ұсынған