Хабар-ошарсыз кеткендерді іздеу: Адам жоғалғанда қылмыстық іс қанша уақыттан кейін қозғалады
Полицияда жақын-туыс жоғалып кеткенде не істеу керектігін айтып береді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
Жақын адамыңыздың жоғалып кеткенінен сенімді болсаңыз, полицияның көмегіне жүгінесіз. Туысқаныңыз қаланың қай ауданында тұрды? Сол аудандағы полиция бөлімшесіне барып, мән-жайды айтасыз. Тәртіп сакшыларына жоғалған адамның қандай ерекше белгілері барын, үстінде қандай киімі болғанын түсіндіріп, жақында түскен суреттерін бересіз.
Сіздің тарапыңыздан өтініш түскенде ІІО бойынша кезекші оқиғаның күнін, уақытын және орнын анықтайды. Жедел-тергеу тобын жоғалған адамды тезірек іздеп-табуға жөнелту үшін атсалысады.
Тергеуші өтінішті тіркегеннен кейін, жедел түрде криминалдық полицияға іздестіру іс-шараларын жүргізу туралы тапсырма жөнелтеді. Ол тапсырманы алған соң, іздестіру бөлімшесінің қызметкері СДТБТ-ға тіркелген сәттен бастап бір тәулік ішінде іздестіру жұмыстарын бастайды.
Криминалдық жоғалу белгілері байқалса, дереу іздестіру жұмыстары жүргізіледі. Мысалы, 14 жасқа дейінгі кәмелетке толмағандардың жоғалғаны туралы, автокөлікпен хабар-ошарсыз кеткендер жайлы және жүкті әйелдердің жоғалып кеткені жайында хабар келсе, жедел қызметкер тергеушінің рұқсатын күтпей, дереу іздестіру жұмыстарын бастайды.
Іздестіру ісі шеңберінде тұрғылықты жері және тіркелген жері бойынша учаскелік инспекторға іздеу туралы хабарлама, полиция қызметкерлері үшін бағдар, БАҚ-қа хабарлама, нарко және психодиспансерге сұрау салу жіберіледі. Денсаулық сақтау органдарымен бірге медициналық мекемелерге жеткізілгендер тексеріледі.
Жоғалу жағдайы және іздестірілушінің тағдырын және орналасқан жерін анықтау үшін маңызды мәліметтер жинақталады, тиісті адамдардан жауап алынады.
Қозғалыс бағыттарын тексеру, жергілікті жерді тарату, аулаларды немесе пәтер бойынша аралау және т.б. жүргізіледі. Іздестіруге қоғам өкілдері мен еріктілер тартылады.
Туыстарынан биологиялық үлгілер (олардың келісімімен) іріктеліп алынады, олар бойынша молекулалық-генетикалық сараптама тағайындалады.
Іздестірілушінің электрондық поштасы зерттеледі, оның әлеуметтік желілерде болуы мүмкін байланыстары орнатылады. Іздеуде жүрген адамның мүлкін сату мүмкіндігі тексеріледі. Басқа да арнайы жедел-іздестіру іс-шаралары өткізіледі.
Хабар-ошарсыз кеткен азаматтардың 100-ден астам оқиғасы бар делік. Оның 85 оқиғасында жоғалған адамның орналасқан жері анықталады және олар туыстарына қайтарылады. 2019 жылдың 1 жартыжылдығында хабар-ошарсыз жоғалған 1081 адам іздестіріліп, 864-нің мекенжайы анықталды.

Ирандағы шиеленістен соң мұнай құны өссе, Қазақстанда доллар бағамы төмендей ме – Сарапшылар жауап берді
