Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Туған қызым – бала күнімнен ойымда жүрген қыз": Тамара Асар ана атанған сәтін есіне алды

ҚР еңбек сіңірген қайраткері, әнші Тамара Асар бала кездегі арманын айтып, балалық шағын есіне алды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Фото: https://www.instagram.com/tamara_assar_official/

2021 жылы өнер иесі екінші рет тұрмыс құрып, Ажар есімді қызды дүниеге әкелген еді. 

“Бала кезімнен армандаған қыздың түрі – өзімнің туған қызым болатынын ол кезде білмедім. Кішкентай күнімде шашым тегіс болатын, соны бұйралап неше түрлі қағаз құртатын едім. Көзім үлкен болғанымен, үстінде сызығы жоқ деп, қағаз жабыстырып жүремін. Түрімді адам танымастай, жасанды етіп өзгертіп аламын. Бұйра шашты, көзі бақырайған қыздарды жақсы көретін едім. Қызымның түрі дәл мен армандаған келбет болып шықты. Өзім 20 жыл бойы қызды болуды армандап, тойлардан тек қыздың дүниелерін алатынмын. Үйде қызыма деп жинаған қуыршақ көп. Ажарды оң-солымды танып, саналы түрде қадам жасап, 45 жасымда дүниеге әкелдім. Міне, ғажайып әлем дегеніңіз – осы”, – дейді әнші. 



Сонымен қатар өнер иесі тұңғышы Қамбарды дүниеге әкелген сәтін де есіне алды. 

“Өмірде ғажайыптар болады. Ұлымның дүниеге келуі ғажайып болды. Адам жақсы сөз айтуы керек, жақсы ой ойлауы керек. Қазақтарда бұрыннан бар, ол – бата. Қамбарды босанатын кезде қатты қиналдым. Дәрігерлер сенімсіздік танытып, басқа мемлекетке барып, босануды ұсынды. Сол кезде әкем, “Қорықпа, қызым! Әлі талай баланы дүниеге әкелесің” деп жігерлендірді. Өзімнің де күш-қуатымның арқасында дүниеге ұл әкелдім. Тіпті атын “Жігер” деп қоям деп дайындалдым. Бірақ атын өзінің аталары қойды. Ең қызығы, менің көмекшімнің сіңлісінің аты – Тамара, Шардара ауылында тұрады екен. Сол жақында босанып, ұлының атын Жігер деп қойыпты. Қатты таңғалдым. Әйтпесе, Тамара екеумізді ештеңе байланыстырмайды. Осындай кездейсоқ оқиғалармен бетпе-бет келіп жатамын”, – деп жан сырын ақтарды өнер иесі. 

Еске салайық, әнші 5-сынып оқып жүргенде байқаудан самаурын ұтып алған сәтін есіне алғанын жазған едік.   

 

Талқылау