Трамп немесе Харрис: АҚШ сайлауы алдындағы соңғы сауалнаманың нәтижесі пайда болды
АҚШ-та республикалық партиядан президенттікке үміткер Дональд Трамп пен демократиялық партиядан үміткер Камала Харрис елдегі президенттік сайлау алдында тең келе жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі NBCNews.com сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Екі үміткер де тіркелген сайлаушылардың 49% дауысын жинаған.
Көрсетілгендей, азаматтардың айтарлықтай бөлігі Харристі қолдайды, өйткені оның әйелдердің жасанды түсік жасату құқығын қайта қалпына келтіру идеясы көпке ұнады. Оны сайлаушылар орта таптың қорғаушысы ретінде қабылдайды.
Трамп та біршама азаматтардың қолдауына ие болды, өйткені көпшілік АҚШ-тың қазіргі бағытына наразы. Экономика және өмір сүру құны мәселелерін экс-президент шеше алды деп есептеп, оның қайта келгені жөн деп санайды.
АҚШ-та тіркелген сайлаушылардың саны шамамен 168 миллион адам. Техаста 7,9 миллион, Флоридада 7,3 миллион және Калифорнияда 6 миллион тұрғын ерте дауыс берді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті бір киіз үйді 13,5 миллион теңгеге сатып алған
Алайда дәл осы кезеңде Қазақстанның басқа өңірлерінде киіз үйлер әлдеқайда төмен бағамен сатып алынып жатыр
"Сап-сау баламды мүгедек қылып алдым": Қазақстандық әйелдің көзінше баласы азелит ішіп, өңешін күйдіріп алған
Бүгінде баланың асқазанына гастростома қойылған, өздігінен тамақтана алмай қалғанда ас тікелей асқазанға стома арқылы енгізіледі