Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Үйде көп әзіл айтпайды": Актер Жүсіп Ақшораевтың блогер келіні отбасылық құпиясын бөлісті

“Шаншар” әзіл-сықақ театрының әртісі Жүсіп Ақшораевтың келіні, блогер Динара Сайлаубайқызы алғаш рет сұхбат берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі “Өмір көркем” бағдарламасына сілтеме жасап хабарлайды. 

Блогер келіннің айтуынша, жұлдызды атасының тұңғыш келіні көрінеді. 

“Тоғыз жылдан бері Ақшораевтар әулетіне келінмін. Балалар киімін сататын дүкенім болған. Бірақ парақшасы бұғатталып қала берді. Содан жұмыс парақшамды жауып қойдым. Қазір жеке парақшамды дамытудамын. 800-ақ адаммен бастаған парақшам, 31 мың адамға жетті. Влог жүргізу бұрыннан ұнайтын. Ата-енем, жолдасым қолдап, іске кірістім. Нәтиже жаман емес. Ең үлкен қолдаушым – атам. Ол кісі мені бір кісідей қолдап, бағыт-бағдар берді. Осы сәтті пайдаланып, алғыс айтқым келеді. Өте жақсы әзілдесеміз. Алғаш видео түсіргенде атама сценарийді өзім айтып отырдым. Ол кісі бірден түсініп, ешқандай дайындықсыз образға кіріп кетті. Көп қаралым жинаған видеоны түсірген кезде енем үйде болмаған. Айтуынша, ол кісіге де қатты ұнаған. “Үйге жеткенше қайта-қайта көріп келдім, күшті түсіріпсіңдер” деп айтты”, – дейді блогер келін. 


Қазақстанда 2024 жылға арналған діни мерекелердің күнтізбесі жарияланды


Сондай-ақ атасы танымал әзіл әлемінің әртісі болғанымен үйде көп әзіл айтпайтын көрінеді. 

“Ол кісі өмірде байсалды. Көп әзілге жоқ. Бірақ аяқастынан сөз тауып, күлдіретіні бар”, – деп қысқа қайырды. 

Бүгінде блогер келін парақшасын жандандыруға бет бұрған көрінеді. Жолдасы да қарсы емес, керісінше қолдау білдірген. Студияға жолдасы,  актердың ұлы Ақан Ақшораев та келді. 

“Динара екеумізідң мамандығымыз бірдей. Режиссура саласының маманымыз. Колледжде қылқобыз бөлімінде оқығанмын. Әкеммен бірігіп пранк видео жасағанда жолда келе жатқам. Көлікті жолдың шетіне қойып, асықпай көрдім. Халық дұрыс түсінбей қалмасын деген ой да болды. Бірақ өте сәтті шығыпты. Хабарласып та әкем мен келіншегіме айттым. Болашақта ән айтып сахнаға шықса да, қарсы емеспін”, – дейді жолдасы.   

 

Талқылау