Тоқаев вице-президент Қарин мен премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады
Қасым-Жомарт Тоқаев вице-президент Ерлан Қарин мен премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдап, бірқартар тапсырмалар берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Тоқаев вице-президент вице-президент Ерлан Қариннің алдына бірқатар нақты міндет қойды.
“Атап айтқанда, вице-президентке Құрылтаймен, Үкіметпен және басқа да мемлекеттік органдармен өзара іс-қимыл барысында Мемлекет басшысының атынан өкілдік етіп, мемлекеттік саясаттың негізгі мәселелері бойынша ұстанымын жеткізу тапсырылды”, – делінген Ақорда хабарламасында.
Тоқаев сонымен қатар премьер-министр Олжас Бектеновті қабылдады. Кездесу барысында Тоқаев Үкіметтің алдағы кезеңге арналған басты міндеттерін айқындап, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар тапсырма берді.

“Мемлекет басшысы экономикалық өсімнің тұрақты қарқынын қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару тиімділігін арттыру және азаматтардың әл-ауқатын дәйекті түрде жақсарту қажет екеніне назар аударды. Президент барлық мемлекеттік органды ортақ іске жұмылдырып, орындаушылық тәртіпті күшейтуді және Үкімет қызметінде нақты нәтижелерге қол жеткізуге баса мән беруді тапсырды”, – делінген хабарламада.
Еске салсақ, Тоқаев вице-президент лауазымына Қаринды ұсынып, кейін депутаттардың қолдауымен тағайындалған еді. Ал Олжас Бектенов өз лауазымында қалатын болды.
"Ауруханаға өз аяғымен кіріп, табытпен шықты": Қызылордалық ер адам анасының өліміне дәрігерлерді айыптады
Іс бойынша реаниматолог, нейрохирург, кардиолог және учаскелік дәрігердің әрекеттеріне қатысты күдік бар
"Роллтонның" орнына бешбармақ: Атырау тұрғыны ұлттық тағамды 5 минутта дайындау жолын тапты
Кәсіпкер үшін бешбармақ – тек тез дайындалатын тағам емес
