Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Адам құқықтары жөніндегі комиссияның жаңа құрамын бекітті

Қол қойып жатқан Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қазақстанда президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссияның құрамы өзгерді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Тиісті жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев 8 мамыр күні қол қойды.

 

“Мемлекет басшысы "Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 2003 жылғы 19 наурыздағы № 1042 Жарлығына өзгеріс енгізу туралы" Жарлыққа қол қойды”, – делінген Ақорда хабарламасында. 

Жарлыққа сәйкес:

  • Комиссия төрағасы – Сенат төрағасының орынбасары Жақып Асанов;
  • Комиссия төрағасының орынбасарлары – адвокат Айдын Бикебаев пен Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Сорбонна-Қазақстан институтының директоры Сәбитова Айнұр.

Бұдан бөлек президент жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия құрамына кімдер енгенін мына сілтемеден оқи аласыз.

Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Түркиямен әскери ынтымақтастық туралы маңызды заңға қол қойған еді.

Дана Русланқызы
Жұма, 08 Мамыр, 2026 21:05