Үкімет кәсіпкерлерден қызметкерлердің жалақысын көтеруді талап ете ала ма – Министр түсіндірді

Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин үкімет кулуарында мемлекет кәсіпкерлерді жалақыны көтеруге шақыра ала ма деген сұраққа жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оның айтуынша, мемлекет жеке бизнеске жалақыны қалай көтеру керегін тікелей бұйыра алмайды.
"Мемлекет ретінде біз жеке бизнеске жалақыны қалай көтеру керегін айта алмаймыз. Мүмкін, олар ай сайын жалақыны көтергісі келетін шығар? Немесе олардың өз ішкі келісімдері, ережелері бар шығар.
Егер біз осындай талаптар қоятын болсақ, бұл дұрыс болмайды. Бірақ бизнестің дамуына жағдай жасап, табыстың бір бөлігі қызметкерлерге жетуіне мүмкіндік жасау – біздің міндетіміз. Қазір біз сонымен айналысып жатырмыз", – деді Жұманғарин.
ОқыңызОның айтуынша, Салық кодексіне еңбекақы қоры бойынша бірқатар өзгерістер енгізілген.
"Егер еңбекақы қоры 100 миллион теңгеден жоғары болса, сол сомаға салықтық жеңілдік қарастырылған. Сонымен қатар біз ең төменгі шегерімді 30 АЕК деңгейіне жеткіздік. Яғни 129 мың теңге жалақыға дейін ешқандай салықтық шегерім қолданылмайды. Мұның бәрі Салық кодексіне енгізілді және қазір жұмыс істеп тұр", – деп түсіндірді министр.
Рейхстагқа ту тіккен Рахымжан Қошқарбаев па, әлде тарихи шындық бұрмаланды ма?