Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс күніне арналған әскери шеруге қатысады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәскеуде өтетін Жеңістің 81 жылдығына арналған салтанатты іс-шараларға қатысады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадияров мәлімдеді.
“Кремль Қазақстан Президентінің бұл шешіміне ризашылық білдіріп, Мәскеуге жасайтын жұмыс сапарын достық қадам деп атады. Сапар аясында Қасым-Жомарт Тоқаевтың Владимир Путинмен кездесуі жоспарланған”, – делінген хабарламада.
Тоқаев пен Путин кездесуде Ресей президентінің мамыр айының соңында Қазақстанға жасайтын сапары қарсаңында стратегиялық ынтымақтастықтың басты мәселелерін талқылайды.
Сонымен қатар Кремльдің баспасөз қызметі, Путиннің Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевты Жеңіс күнімен құттықтағанын хабарлады.
"Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 81 жылдығына орай Владимир Путин Әзірбайжан, Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан, Өзбекстан, Абхазия және Оңтүстік Осетия басшыларына, сондай-ақ Грузия мен Молдова халықтарына құттықтау жеделхаттарын жолдады", – делінген Кремльдің хабарламасында.
Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда биыл Жеңіс күніне арналған әскери парад өтпейтіні туралы жазған едік.
"Жарақатты үйде алдым деп айт": Жұмыс берушілер өндірістегі оқиғаны неге жасырады және қызметкер не істеуі керек
Жарақат алған жұмысшының құқығын қорғаудың қандай жолдары бар екенін заңгер айтты
"Мінбердегі тартыс 7 сағатқа созылды": Нұрлан Оразалин Егемендік декларациясының қалай қабылданғанын айтып берді
Нұрлан Оразалин Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің XII шақырылымының депутаты болған әрі осы тарихи құжатты әзірлеуге тікелей қатысқан
