Алатау қаласы ерекше мәртебе алды — Тоқаев заңға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев "Алатау қаласының арнаулы құқықтық режимі туралы" конституциялық заңға қол қойды. Заңда Алатаудың қарқынды әрі орнықты дамуы үшін жағдай жасау көрсетілген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Заң бойынша қалаға ерекше мәртебе беріліп, онда инвестиция тартуға, жаңа технологияларды дамытуға және экономиканы өсіруге қолайлы жағдай жасалатын бөлек жүйе құрылады.
“Конституциялық заңға сәйкес, қаланы мемлекеттік басқарудың жаңа моделі енгізілді. Атап айтқанда, кәсіпкерлік, кеден ісі, цифрлық активтер, құмар ойындары, әлеуметтік сала, қаржы нарығы, архитектура мен қала құрылысы, экология әрі қоршаған ортаны қорғау, мәдениет, спорт және тағы басқа салаларды реттеудің негізгі қағидалары белгіленді.
"Алатау резиденті" құқықтық мәртебесі бекітілді. Арнаулы мәртебені әкімшілік бірқатар санат бойынша жеке және заңды тұлғаларға береді. Арнайы режимнің қолданылу көлемі мен тиісті құқықтар, міндеттер мен талаптар осы резидент мәртебесіне қарай анықталады”, – делінген хабарламада.
Қаланың ұзақ мерзімде дамуы арнайы жоспарлар мен стратегиялар арқылы қамтамасыз етіледі. Яғни Алатау қаласын дамыту үшін ұзақ мерзімді даму жоспары, бас жоспар және даму стратегиясы қабылданады.
Оқыңыз“Алатау қаласының қауіпсіздігін қамтамасыз ету және оны "ақылды қала" ретінде тиімді дамыту мақсатында тиісті жүйелер қарастырылады. Инфрақұрылым нысандары мен қоғамдық қауіпсіздікке қатысты барлық дерек бірыңғай цифрлық басқару платформасына біріктіріледі.
Сонымен қатар қаланың инвестициялық климаты мен инвесторларға берілетін кепілдіктері, салық-бюджет саясаты, дизайны мен жер қатынастары аталған конституциялық заң аясында реттеледі”, – делінген Ақорда хабарламасында.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?