"Ұрып-соғып, үтікпен күйдірген": Шымкентте жәбір көрген балалар анасына қарсы айғақ берді

Шымкентте әйел өз балаларын жүйелі түрде ұрып-соғып, жазалаған. Ол тәртіп бұзса балаларын үтікпен, отқа қыздырылған шанышқымен қинаған. Әйел сот алдында жауап берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Отырар порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Сот барысында оның кінәсін дәлелдейтін материалдар, соның ішінде видеожазбалар ұсынылды. Балалардан да жауап алынып, оқиғаның мән-жайы анықталды.
Әйелдің бұрынғы енесі бұл қайғыны кешіретінін айтқанымен, заң мұндай әрекеттерді кешірмейді. Сот отырысында зорлық-зомбылықты растайтын дәлелдер, соның ішінде бейнежазбалар ұсынылды. Сондай-ақ сот балалардан жауап алып, оқиғаның толық мән-жайын қалпына келтірді.
Балалардың айтуынша, анасы оларға қатыгез жаза қолданған. Ұрып-соққан, ыстық заттармен күйдірген және өміріне қауіп төндіретін әрекеттерге мәжбүрлеген. Сот барысында сотталушының өзі де бұл зорлық фактілерін жоққа шығармағаны назар аудартады.
— Тергеу кезінде берген жауабыңызды растайсыз ба? Мұнда ашуланып, шанышқыны газға қыздырып, онымен Махмұдтың аузын күйдірдіңіз деп жазылған. Растайсыз ба?
— Иә, растаймын.
— Сондай-ақ Махмудтың темекі шегіп жатқанын көріп, үтікті қосып қыздырып, онымен оның беті мен денесінің бөліктерін күйдіргеніңіз көрсетілген. Растайсыз ба?
— Иә, растаймын”, – деді ол.
Сотталушы өз кінәсін мойындап, өкініш білдірді.
Еске сала кетейік, бұл қатыгездік туралы ақпарат жыл басында белгілі болған. Анасы балаларға жүйелі түрде зорлық көрсеткен. Қазіргі уақытта балалар мемлекет қамқорлығына алынған, олардың өмірі мен қауіпсіздігіне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ. Ал оқиғаның видеосы желіде тарағаннан кейін баласын аяусыз ұрған әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Оқыңыз