Салық кодексіне жаңа Құрылтай өзгерістер енгізеді: Жұманғарин мән-жайды түсіндірді

Биыл Салық кодексіне түзетулер енгізілуі мүмкін. Алайда оны қазіргі парламент емес, жаңа Құрылтай қарайды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Үкіметтегі брифингте премьер-министрдің орынбасары Серік Жұманғарин қазіргі депутаттар құрамы Салық кодексіне қатысты кей өзгерістерді қарап үлгеретінін айтты. Бірақ олар Конституцияға енгізілген өзгерістерге байланысты болмақ.
Оқыңыз“Менің ойымша, олар осы сессияда қаралады. Өйткені бұл алдағы жұмыс үшін қажет. Сессия маусым айының соңында аяқталады. Содан кейін өзгерістер мемлекет басшысының қол қоюына жіберіледі”, – деді Серік Жұманғарин.
Вице-премьер президент айтқан және арнайы жобалық кеңсе талқылап жатқан түзетулерді жаңа Құрылтай қарайтынын нақтылады. Құрылтай жұмысын күзде бастайды.
“Түзетулердің екі түрі бар. Конституция өзгерістеріне байланысты түзетулер қазір мәжілісте жатыр. Біз “баскет-пакет” деп аталатын топтаманы қалыптастырып жатырмыз. Бұл – міндетті түрде енгізілетін жаңа өзгерістер. Онда шамамен 50 түзету бар. Оларды парламенттің жаңа құрамымен енгіземіз. Биыл жылдың соңына дейін қабылдаймыз деп үміттенеміз”, – деді Жұманғарин.
Бұған дейін жаңа салық режиміне өзгерістер енгізілетіні туралы жазған едік. Салық кодексін енгізу жөніндегі жобалық кеңсе 60 мәселені қарап, ықтимал түзетулер тізімін жариялады.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?