"Тәтті немерем келді": Әнші Ақбота Керімбекова оқырмандарынан сүйінші сұрады

Танымал әнші Ақбота Керімбекова немерелі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі сүйінші жаңалығын әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Ол ұлы мен жақындарымен бірге келіні мен немересін перзентханадан шығарып алды.
“Құлыншағымыз, тәтті немерем өмірге келіп үйімізді сәнге, өмірімізде мәнге бөлеп жатыр. Жаным Ахантай балам, келінім, үлкен өмірлерің құтты болсын! Бұрын өздерің ерке едіңдер, енді балапандарыңды еркелетесіңдер, өмір деген осы! Әр қазақтың отбасына осындай бақыт тілеймін”, – деп жазған ол.
Желі қолданушылары мен әншінің әріптестері өнер иесін жарыса құттықтап жатыр.
Айта кетейік, Ақбота Керімбекова – үш баланың анасы. Әнші бұған дейін үш рет тұрмыс құрған, алайда некелері сәтсіз аяқталғаны туралы өзі де сұхбаттарында айтқан.
Еске салайық, бұған дейін Ақбота Керімбекова Бибігүл Төлегенованың сұхбатын көргеннен кейін өз тағдырының аңыз әншінің өмір жолына ұқсас екенін аңғарғанын айтқаны хабарланған еді.
"Адам қағып өлтіру, есірткі мен тәртіпсіздіктер": Қоғамды дүр сілкіндірген шенеуніктің ұлы Мақсат Үсенов қалай жазадан құтылып келді?
Оқыңыз