Тонаушылармен бірге дүкендерден зат ұрлаған қазақстандықтарды қандай жаза күтіп тұр?
Елдегі жаппай тәртіпсіздіктер кезінде тонаушылармен бірге дүкендерден зат ұрлаған тұрғындар жазалана ма? Заңгер Евгений Яворский "31 арнаға" берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

"Дәрежесіне қарай, үлкен көлемінде айыппұл төлейтін шығар. Тонаушылық туралы бап қарастылмас, өйткені әдетте ол әскери уақытта қолданылады, ал оның жауапкершілігі зор. Құдайға шүкір, бізде әзірге әскери уақыт жоқ", - деді Евгений Яворский.
Тәртіпсіздік кезінде бизнесі зардап шеккен кәсіпкерлер кредит төлеу мерзімін шегере алады
Айта кетейік, елімізде "Ұрлық" бабы бойынша тағайындалатын жаза 2000 АЕК (6,1 млн теңге) көлемінде айыппұлды қарастырады.
Сондай-ақ, мамандар ұрланған тауарларды сатып алмауға кеңес береді. Ол үшін де арнайы жаза қарастырылған. Сатып алушы 160-тан 4000 АЕК-ге дейін (490 080-12,2 млн теңге) айыппұл төлеуге міндеттелуі мүмкін.
Қазақстандық қария 67 жылдан кейін бауырымен қауышты: Олар бір-бірін TikTok арқылы тапқан