Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Томирис Байсафаны өлтірді деген күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды

Қазақстандық студент Томирис Байсафаны өлтірді деген күдіктіні қамау мерзімі ұзартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

«Евразия» бірінші арнасының хабарлауынша, сот адвокаттардың айыпталушыны кепілге босату туралы өтінішін қанағаттандырмады, оның қамау мерзімі ұзартылды.

Мәскеуде қайтыс болған қазақстандық студенттің анасы бұл іске қатысы бар басты адамға алқабилер шешім шығарады дегенмен келіспейтіні атап өтілген.

Оның пікірінше, «судьялар мен алқабилерге қысым жасалуы мүмкін».

Мәскеудің Никулин сотының сайтында хабарланғандай, Томирис Байсафа ісі бойынша алдын ала тыңдау 26 наурызға ауыстырылды.

Айта кетейік, Мәскеуде қаза тапқан студент Томирис Байсафаның анасы Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаевқа жүгінді. Жанна Ахметова мемлекет басшысынан Ресей тарапына әділ сот талқылауын және алқабилерге ықтимал қысым жасалмауына қажетті шаралар қабылдау туралы өтінішін жеткізуді сұрады.

Еске сала кетейік, Томирис Байсафа Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтының төртінші қабатынан құлап кеткен еді. Болжам бойынша, бойжеткен өзге оқу орнында оқитын, Дағыстан азаматымен сөзге келіп қалған. Екі жас ұзақ уақыт бойы кездесіп жүрген. Ауыр жарақатпен ауруханаға түскен қыз араға 20 күн салып көз жұмды.

Талқылау