Ұсталды деген ақпараттан соң блогер Кайсар Қамза Вьетнамнан видео жариялады
Вьетнамда ұсталған миллионда5ан оқырмандары бар блогер Қайсар Қамза әлеуметтік желіде видео жариялап, жағдайын айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Блогер видеоны Instagram Stories-те жариялаған. Онда ол жақында Қазақстанға барып қайтқанын, кейін Вьетнамның Нячанг қаласына қайта оралғанын айтқан.
"Қазір экстрадиция мәселесі қаралып жатыр. Шешім күтіп отырмын. Сот та, қамау да болған жоқ. Тек көші-қон қызметі паспортты алып қойды. Барлығы жақсы болсын деп тілеп қойыңыздар. Соған үміттенемін. Жақсы күндерде кездескенше!" – деді блогер.
Еске салсақ, бұған дейін миллион аудиториясы бар қазақстандық блогерге іздеу жарияланғаны хабарланған еді. Кейін оның Вьетнамның Камрань қаласында ұсталғаны туралы ақпарат тарады.
"Scopus-қа мақала шығару үшін 1,5 миллион теңге сұрайды": Қазақстандық ғалымдар докторантурадағы талаптарға наразы
Ресми деректерге сүйенсек, қазір Қазақстан бойынша докторантурада 7 600-ден 9 500-ге дейін докторант білім алуда
"Денесінде бұған басшылық кінәлі деген жазуы бар": Түрмеден шығуына 20 күн қалған қазақстандық ер адам қаза тапты
Оны бостандыққа шығуына санаулы күндер қалған болатын