Қырғызстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу жоспарланып отыр

Қырғызстанда сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізетін заң жобасы әзірленді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі 24.kg порталына сілтеме жасап хабарлайды.
Заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған. Құжат Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне 190-1 жаңа бап енгізуді көздейді. Сталкинг деп адамның еркінен тыс жүйелі түрде аңду, соңынан қалмау немесе байланыс орнатуға тырысу, соның ішінде интернет арқылы қысым жасау түсіндіріледі.
Заң жобасына сәйкес, мұндай әрекеттер үшін мынадай жаза қарастырылған:
- алдымен айыппұл немесе бостандықты шектеу;
- ауырлататын жағдайда – 1 жылға дейін бас бостандығынан айыру;
- аса ауыр жағдайларда – 5 жылға дейін бас бостандығынан айыру (мысалы, балаларды, жүкті әйелдерді қудалау немесе қызметтік жағдайды пайдалану кезінде).
ОқыңызӘзірлеушілердің айтуынша, қазіргі заңнамада мұндай жүйелі қудалауды жеке қарастыратын норма жоқ. Алайда тәжірибеде мұндай әрекеттер жиі ауыр қылмыстарға алып келуі мүмкін.
Қаскелеңдегі атышулы құпия ит сою орны мен ет тасымалы: Істің 1 жылдан кейін тоқтатылғаны белгілі болды
Мина Исмаилова: "Сою орны әлі күнге дейін жұмысын жалғастырып жатқанына сенімдімін"
"Қол қусырып тұра алмадым": Алматылық әке 1 жастағы көршісінің баласын қалай аман алып қалғанын айтып берді
Әкенің айтуынша, балаларына анасының өмірден өткенін түсіндіру де оңай болмаған