Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Тоқаев Қазақстаннан заңсыз шығарылған активтерді қайтаруға мүмкіндік беретін заңға қол қойды

Қасым-Жомарт Тоқаев
Фото: akorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанның қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясына қосылуын ратификациялайтын заңға қол қойды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі мәлімдеді. 

“Мемлекет басшысы "Қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясын ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды”, – делінген хабарламада. 

Айта кетейік, конвенцияға қосылу Қазақстанға еліміздің құқық қорғау органдарының өндірісіндегі қылмыстық істер бойынша дәлелдемелер алуға және заңсыз жолмен алынып, шетелге шығарылған активтерді елге қайтаруға мүмкіндік береді. Бұл қылмыстық істерді, соның ішінде трансұлттық қылмыспен байланысты істерді тергеудің жеделдігі мен тиімділігін арттырады.

Құжатта ұсынылған талаптар қызмет көрсету саласын, соның ішінде қаржылық қызметтерді реттеудің жалпы негіздерін белгілейді. Қағидаларда өтінімдерді беру рәсімдері мен оларды қарау мерзімдерін жеңілдету, өтінімдерді және рұқсат құжаттарын электронды түрде беру мүмкіндіктері бойынша ұсынымдар қамтылған.

Қазір қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы Еуропа конвенциясына Еуропа Кеңесіне мүше 46 мемлекет, сондай-ақ одаққа мүше емес Израиль, Оңтүстік Корея, Моңғолия және Чили сынды төрт мемлекет қатысады.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстанда заңсыз алынған активтерді қайтару есебінен алименттік қор құру ұсынылғаны туралы жазған едік.

Дана Русланқызы
Сейсенбі, 06 Қазан, 2026 22:12