Қазақстандықтарға активтерінің бір бөлігін өз еркімен жария ету ұсынылмақ
Қазақстанда лицензиясы бар отандық платформалар арқылы криптоактивтермен операция жасайтын жеке тұлғаларға екі жыл салық салынбайды. Жеңілдік 2026 жылды 1 қаңтарынан басталған. Енді 2027 жылдың 31 желтоқсанына дейін қолданылады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Вице-министр Ғазиз Байтұрсыновтың айтуынша, мемлекет осылайша қазақстандықтарды шетелдік криптоплатформалардан ел ішінде заңды жұмыс істейтін сервистерге тартпақ.
"Біздің ұстанымымыз қарапайым. Яғни тыйым салу емес, реттеу. Азаматтарды шетелдік платформалардан Қазақстанның реттелетін нарығына көшіруге ынталандыратын жаңа механизм әзірленді", – деді вице-министр.
Сонымен қатар жыл соңына дейін азаматтардың бұрын сатып алған немесе өндірген цифрлық активтерін Қазақстанның заңды нарығына шығарудың жолы әзірленбек. Жеке тұлғалар мен компаниялар қолындағы криптоактивтерін лицензиясы бар қазақстандық платформаларға ерікті түрде аудара алады. Бұл кезде қаржы мониторингіне қатысты талаптар сақталады.
"Миллиондар жоғалттым": Қазақстандықтар трейдингпен айналысамын деп сан соғып қалғандарын айтты
"500 мың теңгеге курс алып, бүкіл депозитімнен айырылдым"
"Жұмыстан шығаруға негіз емес": Астанада туристің видеосынан кейін жұмыстан қуылған полицейлерге қатысты заңгерлер пікір білдірді
Блогермен бірге әзілдесіп, видеоға түсуі қызметтік этика тұрғысынан дұрыс болмаған дейді заңгер