"16 жасымнан бері аңдып, "жезөкше" деп атады": Жетісу облысында 45 жастағы ер адам бірнеше жыл бойы қызға сталкинг жасаған

Жетісу облысында бойжеткен 16 жасынан бері өзін үлкен ер адамның аңдып, қысым көрсеткенін алға тартты. Айтуынша психологиялық диспансерде тіркеуде тұрған ер адам бірнеше жыл бойы қызды аңдып, “жезөкше” деп атап, қорқытып келген. Ал полицейлер қыз қаншама рет шақырғанымен істі қолға алмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Жетісу обылысы Алакөл ауданында болған. Бойжеткеннің айтуынша, жасөспірім кезінен бастап өзінен әлдеқайда үлкен ер адам оны аңдып қысым көрсетіп жүр. Оқиға қыз 16 жаста болған кезде басталған. Шамамен 45 жастағы псих диспансерде есепте тұратын көршісі басында сұрақтар қойып, кейін жеке байланыс деректерін тауып алып, үздіксіз хабарласа бастаған.
“Әрі қарай үндемей қоя алмаймын! Бұл ер адаммен 16 жасымнан бері маған таныспын. Анамның дүкенінде тұрғанда алғаш рет келіп қайда оқитынымды, жасым нешеде екенін сұрады. Көрші аға болғасын мен де сол кезде биязы жауап бердім. Алайда ары қарай сөйлесетіндей ешқандай жеке деректерімді бермедім. Бұл кісі менің номерімді тауып алып хабарласа бастады. Мен бірден ол кісінің номерін бұғаттап тастадым. Желіден тауып алып жазды, 2-3 жылға Instagram-ды өшіріп тастадым. Сонда да күнде дүкенге келіп мазамды алды.”, – деді бойжеткен.
Бұдан соң ер адам қыздың туыстарына барып, құда түскісі келетінін айтқан.
“Туысқандарым оның бұл әрекетіне ренжіп, “ұят емес пе, кішкентай қыз ғой” деп айтқан кезде ол көшенің қақ ортасында мені сүйетінін айтып шу шығарған. Маған жиіркенішті болғаны соншалық күнде жылайтын едім. Достарым мен туыстарым мазақтайтын.
Сонымен жасым 22-ге келді. Мен бұл ер адамның ұсынысынан қанша рет бас тарттым. Ол көндіре адмайтынын түсінген соң, мен туралы түрлі жаман әңгімелер тарата бастады. Күнде көршілердің үйіне барып мені жезөкше деп атап, “кез келген адаммен түн өткізеді” деген. Кейін тіпті мені түнде де аңди бастады. Қашан, қайда жүретінімді біліп алады. Кешкісін құрбыларыммен қыдырсам да мені тағы да жезөкше деп атайды. Отбасым бұған дейін жүз рет полиция шақырған шығар. Бірақ олар бұл ер адамның психикалық сары қағазы болғандықтан ештеңе істей алмайтындарын айтты. Мен ол кезде кішкентай болдым әрі дүкенде жалғыз тұруға қатты қорқатынмын”, – деп қосты қыз.
“Мені қорғамақ болған ағаны пышақпен қуды”
Бұдан соң ер адам дүкенде келушілердің көзінше қызға жаман сөздер айта бастаған.
“Егер менің қадірімді білмесең, жезөкше болып өлесің” деді. Мұны естіген дүкенге келген орыс ер адам мені қорғамақ болды. Ал ол жын ұрып, ашуланды. Мен қорқып үйге жүгірдім. Ал ол жаңағы ер адамға пышақпен жүгіріп, артынан қуған. Кейін әкеме барып айттым. Полиция шақырдық. Ал олар жарты сағаттан соң әрең келді. Болған жағдайды айтып, түсіріп алған видеоны көрсеттім. Өзге көршілер де оған арыз жазды. Полиция бәрін реттейміз деп уәде берген. Алайда ештеңе өзгермеді”, – деп қосты ол.
Ер адам бұл оқиғадан соң келесі күні дүкенге келіп одан сайын жын ұрып айқайлаған.
“Жағдай өрши берді. Ол әр қадамында мені “жезөкше” деп айқайлай берді. Бірде жүйкем шыдамай “16 жастағы қызға қарайтындай педофилсың ба?” деп айтып қалдым. Ол бұған тағы ашуланып, “Мұхаммед пайғамбар 6 жастағы қызбен болған” деп жауап берді. Осы кезде мен полицейлердің ештеңе істей алмайтынын ұқтым. Оның атына көп арыз жазылған. Мен eotinish-ке де арыз жаздым. Келесі күні оны психотриялық диспансерге алып кетті. Ал мені Ішкі істер органы мені шақырды. Барып барлық видеоларды көрсетіп, артымнан қалмай жүрегнін айттым. Осылайша оны қамауға алған еді”,- деп баяндады ол.
Алайда келесі күні ер адамның әпкесі дүкенге келіп, қызды арыз жазғаны үшін жазғырған.
“Әлі өкінетінімді жеткізді. Мен қолым дірілдеп телефонымды алғанымда тартып алғысы келді. Бірақ мен өз қауіпсіздігім үшін видеоға түсіретінімді айттым. Әйел маған “әпкең сияқты сен де өлесің” деді. Әпкем 13 ақпан күні дүниеден озған. Ол да менің жасымдай кезінде дәл осы ер адамнан осындай қысым көрген екен. Әпкем сол кезде полицейлерге айтып әйтеуір бір амалын тауыпты.
ОқыңызБұл жағдайдан соң ер адам дипансерден шығып үйне келгенін білдім. Қатты дауыста музыка қойып, исламнан бастап айғайлап, бәрін қорлай бастады.
Мен не істерімді білмеймін. Бір күні зорлап өлтіріп кете ме деп қорқамын. Тіпті полицейлердің істі қолға алудың орнына мені мазақтағандары тіптен жаныма батады. Тіпті енді полицейлерге хабарласқым да келмейді. Келеді мысқылдап күліп алады, уәде береді де кетеді”, – деп жазды божеткен.
Бұдан соң Ішкі істер органы қызды жылдар бойы аңдыған ер адам арнайы медициналық мекемеге орналастырылғанын мәлімдеді. Полицияның хабарлауынша, оқиғалардың бірі 2025 жылдың қарашасында тіркелген.
“Сол кезде учаскелік полицейлер материалдарды жинап, медициналық сипаттағы шара қолдану үшін тиісті органдарға жіберген. Нәтижесінде ер адам арнайы мамандандырылған мекемеге жіберілді. Кейін, 29 сәуірде Үшарал қаласының тұрғыны сталкинг фактісі бойынша ресми арыз берген. Осыдан кейін қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр, қосымша материалдар жиналуда. Ер адам қайтадан арнайы медициналық мекемеге орналастырылған”, – делінген ведомство хабарламасында.