Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Найзағай, жауын-шашын": Еліміз бойынша мамыр айының басына арналған ауа райы болжамы жарияланды

мамыр айының басы
Фото: magnific.com

Қазгидромет елеміз бойынша алдағы 2–4 мамырға арналған ауа райы болжамын жариялады. Мамыр айының басы құбылмалы, жаңбырлы болмақ. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Синоптиктердің болжамына сәйкес, ел өңірлерінде найзағай болып, жаңбыр жауады. Әсіресе оңтүстік пен оңтүстік-шығыста жауын-шашын осы кезең бойы қатты болады. 

Ал 4 мамырда күшті жаңбыр солтүстік-батыста да күтіледі. Бұршақ пен екпінді жел болуы мүмкін. Түнгі және таңертеңгі уақытта республика бойынша тұман түседі деп болжануда.

Сонымен қатар, бірқатар өңірлерде үсік сақталады. Түнгі уақытта батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте және орталық бөлікте ауа температурасы -3 градусқа дейін төмендеуі мүмкін. Күндіз біртіндеп жылыну күтіледі.

 

  • батыста ауа +17…+32 градусқа дейін;
  • солтүстік-батыста +15…+30 градусқа дейін;
  • солтүстікте +15…+23 градусқа дейін;
  • орталықта +17…+27 градусқа дейін жылынады.

Ал шығыс пен оңтүстік-шығыста күндізгі температураның төмендеуі болжануда. Тиісінше +14…+25 және +13…+23 градусқа дейін.

Stan.kz
Жұма, 01 Мамыр, 2026 15:14