Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Мансапта өсіп, тиімді таныстықтар орнайды: Мамыр айына арналған жұлдыз жорамал

Жұлдыз жорамал
Фото: magnific.com/

Мамыр айы адамдарға өміріндегі тепе-теңдік бұзылған тұстарды анық көрсетеді. Ал 11-15 мамырдан кейін бәрі баяулағандай болады: адамдар сабырлы, прагматик бола бастайды, ресурстар мен айналасындағы адамдардың кім екенін, “олармен қарым-қатынасты жалғастыру керек пе, жоқ па” деген сұрақтарға жауап беріп, шешім қабылдайды.

Қазақстандық астролог Сабина Сабденова мамырда сәттілік алып келетін 3 мүмкіндікті атады.

Мамырдың бірінші аптасы:

Өзіңізбен шынайы болатын уақыт. Бұл кезде кету керек жерде қаншалықты ұзақ шыдап жүргеніңізді, айту керек кезде үндемей қалған сәттеріңізді анық көрсетеді. 

Мамырдың ортасы (11–15 күндері):
Өзгерістерге дайын болыңыз. Айдың басында маңызды көрінген нәрселер өз маңызын жоғалтады. Сол себепті нақты, пайдалы және материалдық мақсаттарға назар аударған дұрыс.

Мамырдың соңы:
"Байланыс жинау" уақыты. 25 мамырдан кейін танысқан адамдар болашақта сіз үшін өте маңызды, пайдалы байланысқа айналуы мүмкін.

Тоқты

Тоқтылар үшін мамыр айы қызықты өтеді. Айдың басында қарым-қатынастарды реттеп, бәрін нақтылап алу керек болады. Ал 11 мамырдан кейін сізде күш-қуат артып, белсенділік күшейеді. Бұл қолға алған істеріңізде үлкен серпіліс жасауға жақсы мүмкіндік береді. Ай соңына қарай қаржылық мәселелерді шешуге тура келеді. 

Торпақ

Мамыр – торпақтар үшін жеңіс айы! Ай ортасына дейін аздап қарбалас болуы мүмкін, бірақ 15 мамырдан кейін жағдайды толық өз қолыңызға аласыз. Бұл – көш бастап, өз орныңызды иеленуге қолайлы кезең. 14 мамырға дейін жұлдыздар сіздің жағыңызда, сол себепті оны жеке жетістіктер үшін пайдаланғаныңыз абзал. Айдың екінші жартысында таныстық пен сапарлар көп болады, ал идеяларыңыз жақсы нәтиже бере бастайды.

Егіздер

Егіздерді мамыр айының екінші жартысында тосынсый күтіп тұр. Ай ортасына дейін жоспарларыңызды көпшілікке жария етпей, үндемегеніңіз дұрыс. Айналаңызда артық әңгіме көп болуы мүмкін. Ал 14 мамырдан кейін сұлулық пен тартымдылық символы саналатын Шолпан ғаламшары сіздің жарқырап, гүлденуіңізге себеп болады. Ай соңында, яғни 29 мамырдан кейін интеллектуалдық серпіліс болады: ойларыңыз айқындалып, ортаға салған идеяларыңыз маңызды келісімдерге әкеледі. Ескі таныстардан қызық жаңалықтар күтіңіз.

Шаян

Шаяндар үшін мамыр отбасы немесе үйге қатысты маңызды оқиғамен басталады. Айдың басында маңызды шешім қабылдайсыз. Ал ортасында жұмыс қарқыны күшейеді. Егер интернетте жаңа жоба бастау немесе команда жинауды жоспарласаңыз оны мамырдың екінші жартысында жүзеге асырған дұрыс. Жеке өмірде ай соңына қарай жағымды тосынсыйлар мен романтикалық хат алмасулар кезеңі басталады.

Арыстан

Мамырдың басында жұмыста барынша дипломатиялық қабілеттеріңізді көрсетіңіз. Бұл оңайға соқпасы анық. 1 мамырда асығыс шешім қабылдамауға тырысыңыз. Мамырда жақсы жаңалықтар естіп, қызметте өсуіңіз ықтимал. 15 мамырдан кейін Күн сіздің кәсіби амбицияңызды айқындайды: жаңа қызмет ұсынады немесе тиімді жобаға шақыруы мүмкін. Ай соңында достармен кездесулер мен көңілді кештер көп болады, сол себепті ең әдемі киімдеріңізді дайындай беріңіз.

Бикеш 

Сәуірдегі қарбалас мамырдың басында басылып, сізде бір жаққа сапарға шығып немесе білім алуға құлшынысыңыз пайда болады. 14 мамырдан кейін қаржылық жағдайыңыз тұрақтанып, шығындарыңызды реттей бастайсыз. Мамырдың екінші жартысы – басшылықпен келіссөз жүргізуге ең қолайлы уақыт. Ай соңында өз беделіңіздің артқанын сезесіз, ал сіздің кеңестеріңіз жақсы нәтиже беріп, құнды бола бастайды.

Таразы

1 мамыр – таразылар үшін "ақиқат сәті". Сіз өзіңізде және қарым-қатынаста нені өзгерту керек екенін түсінесіз. Бұл айда сіз қаржыға қатысты батыл шешімдер қабылдайсыз. 15 мамырдан кейін көкжиегіңіз кеңейеді: сапар, оқу немесе заңдық мәселелерді оңай шешесіз. Ай соңында өзіңізді жеңіл сезінесіз, жаңа таныстықтар болуы мүмкін. Ал олар алдағы уақытта маңызды қарым-қатынасқа әкелуі ықтимал.

Сарышаян

Мамыр айында сарышаяндарғы айналасындағы адамдарға назар аударуға тура келеді. Ай басында бұрынғы құпиялар ашылып, оның шешімін табу  керек болады. 11 мамырдан кейін жұмыс көбейеді, ол батылдық пен табандылықты қажет етеді. Айдың екінші жартысы – серіктестермен мықты қарым-қатынас орнатып, әңгімелер жүргізуге қолайлы уақыт. Мамырдың соңында ортақ қаржы немесе инвестицияға қатысты қызық мүмкіндіктер пайда болуы мүмкін, сондықтан сақ болыңыз.

Мерген

Сәуір мергендер үшін серіктестік пен үлкен жоспарлар айы. Айдың басында денсаулыққа және күнделікті ұсақ-түйекке көңіл бөліңіз. 11 мамырдан кейін бойыңызда жеңіске деген құлшыныс оянып, белсенділік артады: спорт пен шығармашылыққа өте қолайлы уақыт. Мамырдың екінші жартысы романтикаға толы болады: сүйіктіңіз немесе жаңа таныстарыңыз сізге ерекше көңіл бөле бастайды. Ай соңында маңызды келісімшарттар мен келісімдерге қол қоюға жақсы кезең.

Тауешкі

Тауешкілерге мамырдың басында жұмыс пен достар арасында таңдау жасау керек болады. Сондықтан 1 мамырдан бастап өміріңіздің әр саласынан тепе-теңдік табуға тырысыңыз. Ай ортасында үй мен отбасыға көңіл бөлесіз, өйткені онда сіздің әрекетіңіз бен шешіміңіз маңызды рөл ойнайды. 15 мамырдан кейін шығармашылыққа толы, қуанышты кезең басталады: хобби, балалар немесе жаңа қызығушылықтар сізге көп энергия береді. Ай соңында үй мен денсаулыққа қатысты ұсақ, бірақ жаныңа жайлылық сыйлайтын шаруалар көбейеді.

Суқұйғыш

Суқұйғыштар үшін мамыр жұмысқа қатысты маңызды мәселелерді шешуден басталады. Бірақ барлық уақытыңызды тек жұмысқа арнамаңыз. 11 мамырдан кейін сапарлар мен кездесулер көбейеді. Сіздің сөзіңіз өтімді болып, адамдарды оңай сендіретін қабілетіңіз бар. Мамырдың екінші жартысында үйіңізге жайлылық орнатумен айналысасыз. Бұл – отбасыңызбен бірге бас қосып, жылы уақыт өткізуге өте қолайлы кезең. Ал ай соңында эмоцияға толы сәттер көп болмақ: шығармашылық, махаббат және қуаныш басты серігіңізге айналады. 

Балықтар

Балықтарға мамырдың басында саяхатқа шығу немесе ортаны өзгерту туралы ой келеді: ішкі түйсігіңізді тыңдаңыз. 11 мамырға дейін дайындалуға уақыт бар, бірақ одан кейін, әсіресе табысқа қатысты мәселелерде, тез әрі батыл әрекет ету қажет болады. 15 мамырдан кейін жақындарыңызбен қарым-қатынасыңыз нығая түседі. Айдың соңында үйді ретке келтіруге қолайлы кезең: интерьер жаңартсаңыз да жасаған таңдауыңыз сәтті болмақ. 

Айым Болатқызы
Жұма, 01 Мамыр, 2026 10:00