Қарағанды облысында әйел жалған ақшаға тауап алып 70 жастағы саудагерді алдаған

Қарағанды облысында тұрғын жалған 70 жастағы сатушыны алдап, жалған ақшаға зат алып, қайтарымға түпнұсқа ақша алған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Оқиға Абай қаласындағы дүкендердің біріндегі киім бутигінде болған.
Әйел 10 мың теңгелік жалған купюрамен төлем жасап, қайтарым ақшасын алып, дүкеннен шығып кеткен.
Кейін 70 жастағы сатушы ақшаның жалған екенін анықтаған.
Кәсіпкерлер әлеуметтік желіге бейнежазба мен фотосуреттерді жариялап, полицияға жүгінген. Ол бейнебақылау камераларының көмегімен ұсталды.
“Жедел іздестіру барысында 38 жастағы күдікті ұсталды. Бұл дерек бойынша "алаяқтық" бабымен қылмыстық іс қозғалды”, – делінген полиция хабарламасында.
Ақпаратқа сәйкес, күдіктінің сыбайластары болуы мүмкін және мұндай тәсілмен бірнеше рет есеп айырысу жағдайлары тіркелген.
ОқыңызПолиция департаментінің мәліметінше, қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Сондай-ақ күдіктінің басқа да ұқсас қылмыстарға қатысы тексерілуде.