Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Мне стыдно" шоуына қатысты дау: Рэпер De Lacure мен Зарина Байболова неге сынға қалды?

De Lacure мен Зарина Байболова

Фото: Видеодан скриншот

Желіде “Мне стыдно” шоуының жарыққа шықпаған шығарылымы қызу талқыға түсті. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Бұған Threads желісіндегі жазба себеп болды.

Онда қолданушылар стендап-комик Зарина Байболованың бір шығарылымның түсірілімі туралы айтқан әңгімесін талқылап жатыр. Оның сөзінше, бағдарлама қонағы De Lacure лақап атымен танымал рэпер Ануар Баймұхаев болған. 

Шоу форматы бойынша қатысушылар өміріндегі ыңғайсыз немесе ұятты оқиғаларды баяндайды. Алайда De Lacure-дің әңгімесі әдеттегі “ұятты жағдайдан” әлдеқайда ауыр болып шыққан.

Желіде тараған дерекке сүйенсек, рэпер достарымен бірге серуендеп жүрген кезде көмек сұраған айғайды естіп, дене жарақаты бар әйелді көргенін айтқан. Олар оған көмектесу үшін жақындап, есін жиюға және өзін ретке келтіруге көмектескен көрінеді.

Алайда видео авторларының айтуынша, кейін достарының бірі өзгелерден сыртқа шығуды сұрап, әйелге әрі қарай өзі көмектесетінін айтқан. Бұдан кейін, желідегі мәлімет бойынша, әйелге қатысты зорлық жасалған. Ал сыртта тұрған екі адам не болып жатқанын түсініп тұрғанымен, ешқандай шара қабылдамаған.

Скриншот
Фото: Скриншот

Дәл осы оқиға Threads қолданушыларының наразылығын тудырды. Көпшілік бұл оқиғаны жай ғана “ұятты жағдай” емес, ықтимал қылмыстың сипаттамасы деп бағалады.

Желіде рэпердің өзі де, Зарина Байболова да сынға қалды. Кей қолданушылардың пікірінше, мұндай оқиғаларды ойын-сауық шоуына арналған материал ретінде қабылдауға болмайды.

Сонымен қатар желі қолданушылары құқық қорғау органдары бұл оқиғаға назар аудара ма деген сұрақ қойып жатыр.

Материал жарияланған сәтте полиция тарапынан ресми түсініктеме берілген жоқ.

 Сондай-ақ желіде айтылған мәлімдемелер бойынша біреудің арыз түсірген-түсірмегені де әзірге белгісіз.

Айта кетейік, бұған дейін экс-жайдарманшы Айбек Байназаров пойызда бейтаныс қызға тиіскенін айтып, сынның астында қалғаны хабарланған еді. Оның айтуынша, бұл оқиға бойдақ кезінде болған.

“Бір күні пойызда келе жатырмын, сөйтсем купеде бір қыз отыр екен. Бастапқыда ешқандай арам ойым болмады, бірақ әдемі екен деп ойладым. Заттардың бәрін жайғастырып, досыммен мейрамханаға барып ішімдік іштік. Купеге келдім, екінші қабатына көтеріліп жаттым да, жаңағы қызға қарасам, айдың жарығымен “алма” болып жатыр екен. Жарты сағат бойы қарап тұрдым. Неше түрлі ой кетті. Кейіннен оған қарай түсіп, мойнына жақындаған кезде “болмайды” деген дауыс шықты. Бірден төсегіме жатып ұйықтап кеттім. Ол да мені ұнатқан шығар, мүмкін қабылдап қалады деген ойым болды”, – деді ол.

Оның бұл әңгімесі қазақстандықтардың ашуына тиді.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 22:25