Қазақстанда тағы үш ресейлік мектеп салынады

Қазақстан мен Ресей бірлесіп алты мектеп салу туралы келісімге келді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Бұл туралы Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавров қазақстандық әріптесі Ермек Көшербаевпен кездесуден кейін мәлімдеді. Оның айтуынша, үш ресейлік мектеп Қазақстанда, дәл сондай үш қазақ мектебі Ресей аумағында салынады.
Лавровтың айтуынша, қазір Қазақстанда ресейлік жоғары оқу орындарының сегіз филиалы жұмыс істейді, ал Ресейде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың филиалы бар. Жаңа мектептер осы ынтымақтастықтың жалғасы болмақ.
Сондай-ақ Лавров Қазақстан билігіне орыс тілі бойынша халықаралық ұйым құру идеясын ұсынғаны үшін алғыс білдірді. Бұл бастаманы Қасым-Жомарт Тоқаев көтерген, ал оның штаб-пәтері сәуір айының басында Сочиде жұмысын бастады.
Еске салсақ, бұған дейін Тоқаев Ресейдің сыртқы істер министрі Сергей Лавровты қабылдағаны туралы жазған едік. Кездесуде Ресей президенті Владимир Путиннің мамыр айына соңына жоспарланған Қазақстанға сапарына дайындық мәселесіне ерекше назар аударылған.
Оқыңыз