Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Әнші Меруерт Түсіпбаева атыраулық блогерді толық деп кемсітіп, басы дауға қалды

өзінің артық салмағы себеп болған.
Фото: instagram.com/meruert_tusupbaeva/

Атырау тұрғыны, кәсіпкер әрі блогер Заида Қазақстанның халық әртісі Меруерт Түсіпбаеваның өзінің үстінен арыз жазғанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Блогер Threads желісінде видео жариялап, әнші оның артық салмағы үшін үстінен арыз жазған.

“Менің үстімнен Қазақстанның халық әртісі Меруерт Түсіпбаева арыз жазыпты. Менің толық болғаным үшін. Иә, достар”, – деп жазды ол.

Заиданың сөзінше, бұған видео астындағы пікірлерде болған жанжал себеп болған. Блогердің айтуынша, өнер иесі оның жарияланымының астына “Арықтау керек!” деп пікір қалдырған. Блогер де бұл пікірді елеусіз қалдырмай, жауап бергенін айтты.

“Ол, бәлкім, мен үндемей қалады деп ойлаған шығар. Өзі абьюз жасайтын адамдардың көбі үндемейтін шығар. Бірақ мен үндемей қалмадым, жауап бердім. Ал менің жауабым оған ұнамаған сияқты", – деді блогер.

Осыдан кейін Меруерт Түсіпбаева тағы бір жазба жариялаған. Блогер оны өзі көрмегенін, бірақ оған сілтемелер жіберілгенін айтады. Онда артық салмақ жинау аянышты жағдай екені және оның ауру емес екені айтылған-мыс. Сондай-ақ актриса өз жасы мен денсаулығына қатысты ой қозғаған.

Біраз уақыттан кейін Заидаға Алматы полициясынан қоңырау түскен.

“Бүгін маған Алматы қаласының полициясынан қоңырау шалып, оның менің үстімнен арыз жазғанын айтты. Жарайды”, – деді ол.

Өз жазбасында блогер денсаулығы туралы да айтып, артық салмағын бала кезіндегі емнің салдары деп түсіндірді.

“9 жастан 16 жасқа дейін мені гормоналды препараттармен емдеді. Есімде қалғаны – преднизолонды өте көп мөлшерде қабылдадым және басқа да дәрілер болды. Соның салдарынан менде артық салмақ пайда болды. Мен онымен саналы ғұмырымның бәрінде күресіп келемін”, – деді Заида.

Ол салмақ тақырыбы көптеген адам үшін өте сезімтал екенін атап өтті.

“Достар, бізде айна бар, біз бәрін жақсы білеміз. Көбіне артық салмағы бар адамдар онымен үнемі күреседі. Үнемі! Бітпейтін диета, бітпейтін жаттығу…” –  деді блогер.

Заида біреуге “арықта” немесе “сен семізсің” деп жазу – дұрыс емес екенін айтып, желі қолданушыларын мұндай пікір жазбауға шақырды. Сондай-ақ ол:

“Біз тіпті диванда жатып, тамақ ішіп, салмақ қоссақ та – бұл сіздің шаруаңыз емес! Бұл мүлде сіздің шаруаңыз емес! Біздің салмағымыз, бәлкім, кетер. Ал сіздің ақылыңыз, өкінішке қарай, бұдан көбеймейді. Кешіріңіз”, – деді.

Меруерт Түсіпбаева не дейді?

Блогердің бұл видеосынан кейін әнші де үнсіз қалмады. Ол да әлеуметтік желідегі парақшасында жазба жариялап, блогердің айтқандарын жоққа шығарды. Ол сотқа шақыру қағазын салуды талап етті.

“Мына әйел дәл осы сөіне жауап берсін енді. Қалғанын адвокаттар шешеді. Хайпты керемет жасайды екен, қайдағы полиция? Қайдағы сот? Шақыру қағазын көрсетіп, дәлелдесін” – деп жазды ол.

Айта кетейік, Заида – кәсіпкер әрі блогер. Нигериялық азаматқа тұрмысқа шыққан. Жолдасымен бірге Атырауда тұрады, ерлі-зайыпты екі бала тәрбиелеп отыр. Отбасы оқу орталығы мен балабақшаны басқарады. Оның айтуынша, олар қоғамға пайдасын тигізіп, лайықты өмір сүруге ұмтылады.

Балнұр Рахматуллақызы
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 12:15