Алматы маңындағы картон зауытында ірі өрт шықты (видео)
Алматы маңындағы картон зауытында ірі өрт шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Әлеуметтік желіде Алматының Наурызбай ауданындағы тұрғын үйлердің маңынан қою түтін шығып жатқаны түсірілген видеолар тарады.
Төтенше жағдайлар министрлігінің мәліметінше, өрт шыққан нысан Алматы облысы аумағындағы Абай ауылында орналасқан.
"Картон зауыты аумағындағы қойма ангарында өрт шықты. Алдын ала мәлімет бойынша, әкімшілік өкілдерінің айтуынша, ішінде адам жоқ. Оқиға орнында су үздіксіз жеткізіліп жатыр. Өртті сөндіруге бірнеше су атқыш құралдары жұмылдырылды", – делінген хабарламада.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт оқшауланды.
"Тұмау деп жаппақ болды": Алматы тұрғыны әкесінің дәрігерлердің салғырттығынан өлім аузынан қалғанын айтты
Жанна: "Науқастың дене қызуы көтеріліп, ауырсынуы күшейсе, дәрігер мұның бәрін тұмауға қалай жаба салады?"
"Терапевтке жазыла алмаймыз, УДЗ-ға үш ай кезек күтеміз": Қазақстандықтар МӘМС жүйесіндегі мәселелерді көтерді
Сания: "Ал ақылы түрде десең шұғыл-ақ қабылдайды"
