Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Швейцариялық инвестор Қазақстанда миллиардтаған теңгеге алаяқтықтың құрбаны болды

Қазақстанда швейцариялық инвесторды алдаған
Фото: Жасанды интеллект көмегімен

Қазақстанда қазақстандық кәсіпкер швейцариялық инвесторға тиесілі компания үлесін жалған құжаттар арқылы заңсыз сатқан. Ол осылайша азаматтар алдап, шетелдік инвесторға 3,5 миллиард теңге көлемінде залал әкелген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Бас прокуратураның мәліметінше, оқиғада швейцариялық инвестор Корнелия Люк Ярчик көрсетілген. Тергеу барысында 2016 жылдың қыркүйегінде қазақстандық кәсіпкер жалған құжаттарды пайдалана отырып, швейцариялық инвесторға тиесілі "УК Ринком" ЖШС-дегі 80% үлесті заңсыз түрде сатқан. Үлес 63 миллион теңгеге өткен.

Қадағалау органының дерегінше, аталған кәсіпорын Ұлытау облысында темір рудасы кен орнын игерумен айналысқан.

“2026 жылғы 27 сәуірдегі сот үкімімен азамат М. Қылмыстық кодексінің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағы бойынша — аса ірі көлемдегі алаяқтық үшін кінәлі деп танылды. Оған 6 жыл 8 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалып, қылмыстық жолмен алынған мүлікті тәркілеу туралы шешім шығарылды. Сонымен қатар, шетелдік инвестордың 3,5 миллиард теңге көлеміндегі азаматтық талабы толық қанағаттандырылды”, – делінген хабарламада. 

 Бас прокуратура шетелдік инвестордың бұзылған құқықтары толық қалпына келтірілгенін атап өтті.

Stan.kz
Бейсенбі, 30 Сәуір, 2026 17:49