"Қарапайым құдалармыз": Қайрат Боранбаев алғаш рет Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы жайлы айтты

Кәсіпкер Қайрат Боранбаев Zamandas подкастына берген сұхбатында экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевпен туыстық қатынасы жайлы айтып берді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
2013 жылы бизнесменнің қызы Әлима Боранбаева экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немересіне тұрмысқа шыққан кезде ол АО “ҚазРосГаз”компаниясының бас директоры қызметін атқарған. Ал кейін ол мүдделер қақтығысын болдырмау үшін компаниядағы қызметінен өз еркімен кетті.
“Қызметтен қызым президенттің немересіне тұрмысқа шыққандықтан кеттім. Мені ешкім жұмыстан қуған жоқ, өз еркіммен кеттім. Мен бұл жағдаймен өзімді байланыстырғанын қаламадым. Оның үстіне, сол кезде туыстардың бірге жұмыс істеуіне болмайды деген шешім болған. Сондықтан өзім кеттім, мұнда ешқандай мәселе жоқ”, – деді ол.
Үйлену той 2013 жылғы қазанда өтті. Кәсіпкердің айтуынша, бұл – жеке отбасылық әңгіме. Сондықтан ол бұл тақырыпты сұхбат барысында әңгімелегісі келмейтінін жеткізді.
“Бәріміз ересек адамбыз, әркімнің жеке өмірі, туыстары, отбасылық қарым-қатынасы бар. Біреу бұл туралы айтқысы келсе, өзі біледі. Ал мен айтқым келмейді. Бізде де барлық қазақтағыдай өз дәстүріміз бар, құдалар бар, басқа да жөн-жоралғылар сақталған. Бәрі елдегідей өтті, бұл – қалыпты жағдай. Бұл тұрғыдан алғанда, ол отбасының басқа отбасылардан еш айырмашылығы жоқ. Барлық дәстүр сақталды, бәрі әдеттегідей өтті”, – деді ол.
ОқыңызАйта кетейік, бұған бейін Қайрат Боранбаев тергеу изоляторында болған кезін еске алғаны хабарланған еді.
Боранбаев қазір "бақылауда екенін және сот шешіміне байланысты міндеттері бар екенін" атап өтті, сондықтан ол көп сұрақтарға жауап бергісі келмеді Боранбаевтың айтуынша, ол кейбір айыпталушылармен байланыста екен. Тіпті олар "Қайраттың" матчтарына қатысқан, тіпті біреуі "Реал Мадридке" қарсы ойынды көрген.
Қайрат Боранбаевтың тергеу изоляторында болған кезінде тағы бір жайт болды. Оның жиені Әбілхан Боранбаев күзетшілерге пара беріп, ағасына телефонын пайдалануға және туған күнін сүйіктісімен бірге тойлауға рұқсат алған. 2023 жылдың қазан айында Әбілхан Боранбаев 4,5 жылға, ал күзетші жеті жылға бас бостандығынан айырылды.