Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда LRT құрылысы басталды: Кей көшелерде көлік қозғалысына шектеу енгізілді

Алматыда LRT құрылысы басталды
Фото: Алматы әкімдігі

Алматыда LRT құрылысына байланысты Момышұлы көшесінің бір бөлігінде көлік қозғалысы уақытша шектеледі. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Алматыда жеңіл рельсті көлік (LRT) жобасына байланысты құрылыс жұмыстарыны басталды. Осыған орай Мөңке би көшесінен Төле би көшесіне дейінгі аралықта көлік қозғалысы үшін жолдың ортадағы екі жолағы жабылады. Құрылыс жұмыстары кезеңінде қоғамдық көлікке арналған арнайы жолақ жұмыс істемейді. Сондай-ақ бейнебақылау камералары бұл жолаққа шыққан көліктерді тіркемейді.

Жүргізушілерге жол жүру бағытын алдын ала жоспарлап, аталған учаскеде көлік қозғалысының қиындауы мүмкін екенін ескертілуде.

Еске салсақ, жеңіл рельсті көліктің (LRT) бірінші кезеңінің бағыты Момышұлы көшесі – Төле би көшесі – Абылай хан даңғылы – "Алматы-2" теміржол вокзалы бағытымен өтеді. Депо Алатау ауданындағы Индустриялық аймақтың оңтүстік бөлігінде орналасады.

Жобаның бірінші кезеңінің жалпы ұзындығы 18,3 шақырым болмақ. 

Гүлсезім Мұхатай
Жұма, 19 Маусым, 2026 16:31