Рудныйдағы ERG компаниясына қарасты зауытта жұмысшы қаза тапты

Рудныйда ERG компаниясына қарасты "ERG Service" жөндеу-механикалық металлопрокат зауытында жұмысшы қаза тапты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Қайғылы оқиға 19 маусым күні электроболат балқыту цехында болған. ERG Service компаниясының мәліметінше, оқиға металл қоспасын дайындайтын жұмысшы болат балқыту пешінде өндірістік жұмыстарды орындап жатқан сәтте болған.
“Оқиға туралы мемлекеттік органдарға хабарланып, тергеу басталды”, – делінген компания хабарламасында.
ОқыңызКомпания ұжымы мен басшылығы марқұмның туған-туыстарына қайғыра көңіл айтып, отбасына көмек көрсетілетінін атап өтті.
Еске салсақ, бұған дейін СҚО-да жұмысшы егістікті химикаттармен дәрілеу кезінде көз жұмғаны туралы жазған едік.